Еркін киінемін » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
желтоқсан
2023

Еркін киінемін

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында желтоқсанның 12-сі күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кешубаева Айгерім Бөкеновна 7 "В"  сыныбымен "Еркін киінемін" тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды толық орындай алды. Ашық сабақта топтық, жұптық жұмыс жүзеге асты. Бағалау парағы арқылы әр тапсырмадан кейін балл қосылып отырды. Тақырып бойынша спорттық киім туралы мәтінді жасанды интеллект арқылы тыңдады. "Еркін киінемін" деген тақырып арқылы оқушылар мәдениетті, ұқыпты, жарасымды киім  кию үлгісін меңгерді. Мұғалім сабақ уақытын ұтымды пайдаланып, оқушылар   белсенді қатысты. Сабақта "Ыстық" доп әдісі, "Тышқаннан жылдам" тәсілі, АКТ, жасанды интеллект,  "Домбыра шерту" сергіту тәсілі қолданылды. Сабақ көзделген мақсатына жетті. 

Похожие публикации:

20 желтоқсан 2023 Ас мәзірі
07 желтоқсан 2022 Ашық сабақ "Аңдар”