Шахмат турнирінің қалалық кезеңі/городской этап шахматного турнира » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шахмат турнирінің қалалық кезеңі/городской этап шахматного турнира
11
наурыз
2023

Шахмат турнирінің қалалық кезеңі/городской этап шахматного турнира

Елбасының қолдауымен «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылуда. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл оқушылар арасында шахмат олимпиадасы өтуде.

Бүгін қалалық кезеңі  өтті, оған Медеу ауданы «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің екі оқушысы қатысты. Масанчи Дауыт – 10 «Б» сыныбы және Құсайынова Жанель – 2 «Г» сыныбы. Жарыс қорытындысы бойынша Дәуіт Алматы қаласының қола жүлдегері атанды, Жанель жеңімпаз атанып, қаламыздың атынан Республика чемпионатына қатысады.

Республикалық кезең 1-5 сәуір аралығында Астана қаласында өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясы жеңімпаз командаға 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық береді.

***
При поддержке Президента реализуется проект «Шахматы в школе». В целях дальнейшей поддержки шахматного движения в этом году проводится шахматная олимпиада среди среди учащихся.
Сегодня прошёл городской этап, на котором Медеуский район представляли двое учащихся КГУ "Школы-лицея №28 им.М.Маметовой". Масанчи Даут - 10 "Б" класс и Кусаинова Жанель - 2 "Г" класс. По итогам соревнований Даут стал бронзовым призером г.Алматы, Жанель стала победителем и представит наш город на первенстве Республики
Республиканский этап пройдет 1-5 апреля в Астане. Победители и призеры будут награждены медалями, кубками и дипломами. Также федерация шахмат РК присуждает команде-победителю денежное вознаграждение в размере 500 000 тенге.