Үлкен жүректі кішкентай батыр — әрі үлкен спорттық атақ иегері!
Біз 6 «Д» сынып оқушысы, КММ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің» шәкірті Мұхан Айсұлтанның жетістіктері туралы мақтанышпен әңгімелеуді жалғастырамыз. Астанада өткен «Боччадан 2025 жылғы Қазақстан Республикасының Кубогында» өз санатында ел чемпионы атанған жарқын жеңісінен кейін Айсұлтан тағы бір маңызды қадам жасады.
Оған салтанатты түрде «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» куәлігі табысталды — бұл оның еңбегіне, ерік-жігеріне және жоғары нәтижелеріне берілген лайықты әрі мәртебелі баға.
Айрықша қуантатыны — куәлікті Айсұлтанға Алматы қаласының «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы Рафаэль Радикович Уразбахтин табыстады. Жас чемпионды қолдауға «Қайрат» командасы да арнайы келді. Бұл — кәсіби спортшылардың рухы асқақ, жүрегі үлкен кішкентай батырды құрметтеген ерекше шабытты сәт болды.
Бочча — дәлдік, стратегия, төзімділік пен ішкі күшті талап ететін паралимпиадалық спорт түрі. Айсұлтан өз үлгісімен нағыз чемпиондар тек дарынның арқасында емес, күнделікті тынымсыз еңбек, өзіне деген сенім және алға ұмтылыс арқылы қалыптасатынын дәлелдеп келеді.
Спорт шеберлігіне кандидат атағын алу — жай ғана құжат емес. Бұл — оның табандылығының, мықты мінезінің және қайсар рухының мойындалуы.
Біз сені шын жүректен мақтан тұтамыз, Айсұлтан! Алда әлі талай жеңістер, жаңа белестер мен жарқын сәттер күтіп тұрсын. Сен тек мектебіңді ғана емес, бүкіл елді шабыттандырып жүрсің!
Маленький герой с большим сердцем — и уже с большим спортивным званием!
Мы продолжаем с гордостью рассказывать о достижениях Мұхана Айсұлтана, ученика 6 «Д» класса КГУ «Школа-лицей №28 им. М.Маметовой». После блестящей победы на «Кубке Республики Казахстан по бочче 2025 года» в Астане, где он стал чемпионом страны в своей категории, Айсұлтан сделал ещё один важный шаг вперёд.
Ему было торжественно вручено удостоверение «Кандидата в мастера спорта Республики Казахстан» — высокая и заслуженная оценка его труда, силы воли и выдающихся результатов.
Особенно почётно, что удостоверение Айсұлтану вручил главный тренер футбольного клуба Кайрат (Алматы) — Рафаэль Радикович Уразбахтин. Поддержать юного чемпиона приехала и команда «Кайрат». Это стало по-настоящему вдохновляющим моментом — когда профессиональные спортсмены чествуют маленького, но уже такого большого по духу героя.
Бочча — это паралимпийский вид спорта, где важны точность, стратегия, выдержка и внутренняя сила. Айсұлтан своим примером показывает: настоящие чемпионы рождаются не только благодаря таланту, но и благодаря ежедневному труду, вере в себя и огромному желанию идти вперёд.
Получение звания кандидата в мастера спорта — это не просто документ. Это признание его упорства, характера и несгибаемой воли.
Мы искренне гордимся тобой, Айсұлтан! Пусть впереди будет ещё больше побед, новых высот и ярких моментов. Ты вдохновляешь не только свою школу, но и всю страну!


