Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың жетістіктері/Достижения учеников
17
қазан
2024

Балалардың жетістіктері/Достижения учеников

2024 жылдың көктемінде Астана қаласында Қазақстан Республикасының пилон спортынан Чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның 15 қаласынан спортшылар жиналып қана қоймай, Қырғызстан мен Ресейден де қонақтар қатысты. Жарыстар бірнеше бағыт бойынша өтті: ауада сақина, ауадағы мата және пилон. №28 М. Мәметова атындағы мектеп-лицейіне ерекше мақтаныш әкелген – 7 «Б» сынып оқушысы Ким Кира болды. Ол 10-14 жас санатында «Ауадағы сақина» бойынша бірінші орынды иеленді.

Бұл жеңіс Кираға жаңа мүмкіндіктер ашты – ол 2024 жылғы 21-27 қазан аралығында Швецияның Уппсала қаласында өтетін Әлем Чемпионатында Қазақстан Республикасының намысын қорғауға құқық алды. Кира үшін бұл жеңіс бірінші емес: оның табандылығы мен жоғары шеберлігі түрлі жарыстарда бірнеше рет бағаланып келген.

Қазақстанның Ауа-Спорттық Эквилибр Федерациясы 2024 жылғы тамызда Кираға пилон спорты бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шебері кандидаты» атағын берді. Ким Кираның жетістіктері еңбекқорлық, мақсатқа ұмтылу және мектеп пен бапкерлердің қолдауы үлкен табыстарға жеткізетінінің тамаша үлгісі болып табылады. Біз чемпионқамызбен мақтанамыз және оған Швециядағы әлем чемпионатында сәттілік тілейміз!


Весной 2024 года в г. Астана состоялся Чемпионат Республики Казахстан по спорту на пилоне, на который съехались спортсмены из 15 городов Казахстана, а также гости из Кыргызстана и России. Соревнования проходили в нескольких дисциплинах: воздушное кольцо, воздушные полотна и пилон. Особую гордость для школы-лицея № 28 им. М. Маметовой принесла Ким Кира, ученица 7 «Б» класса, которая завоевала первое место в дисциплине «Воздушное кольцо» в возрастной категории 10-14 лет. Эта победа открыла перед Кирой новые возможности – она получила право представлять Республику Казахстан на Чемпионате Мира, который пройдет с 21 по 27 октября 2024 года в г. Уппсала (Швеция). Для Киры эта победа далеко не первая: её упорство и высокий уровень мастерства неоднократно отмечались на различных соревнованиях. За выдающиеся спортивные достижения Казахстанская Федерация по Воздушно-Спортивному Эквилибру в августе 2024 года присвоила ей звание «Кандидат в мастера спорта Республики Казахстан по спорту на пилоне». Успехи Киры Ким являются примером того, как трудолюбие, целеустремлённость и поддержка со стороны школы и тренеров приводят к большим достижениям. Мы гордимся нашей чемпионкой и желаем ей удачи на мировом первенстве в Швеции!