04
қараша
2025
Ынта мен өнер тоғысқан сәт
М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінің 6 «Е» сынып оқушысы Хусаинова Элиана спорт пен өнер әлемінде елеулі жетістікке жетіп, спорттық-балдық билердің ең күрделі санатында Қазақстан Республикасының вице-чемпионы атанды.
Бұл жетістік — табандылықтың, дарын мен өз ісіне деген адалдықтың жемісі.
Элиана би техникасын, артистік шеберлігін және сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсетіп, кәсіби қазылар алқасының зор бағасына ие болды.
Хусаинова Элиананың бұл жетістігі — М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейі ұжымы мен сыныптастары үшін үлкен мақтаныш.
Мектеп ұжымы Элиананы осы тамаша жеңісімен шын жүректен құттықтап, оған жаңа белестер, шабыт және еліміз бен шетел сахналарында жарқын өнер көрсетуін тілейді!
Ученица 6 «Е» класса школы-лицея № 28 имени М.Маметовой Хусаинова Элиана добилась значительного успеха в мире спорта и искусства — стала вице-чемпионкой Республики Казахстан в самой сложной категории по спортивно-бальным танцам. Этот успех — результат упорных тренировок, таланта и преданности делу. Элиана продемонстрировала высокий уровень техники, артистизма и сценической культуры, что было отмечено профессиональным жюри соревнований. Достижение Хусаиновой Элианы стало гордостью для школы-лицея № 28 им. М.Маметовой, педагогического коллектива и одноклассников. Поздравляем Элиану и желаем дальнейших побед, вдохновения и ярких выступлений на новых танцевальных площадках страны и за её пределами!

