04
қараша
2025
Жеңіске жетелеген әсем қимыл
М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінің 5 «Б» сынып оқушысы Байдилда Алина көркем гимнастикадан өткен облыстық чемпионатта ерекше өнер көрсетіп, құрметті бірінші орынды иеленді!
Алина жоғары спорттық дайындық пен әсем қимыл-қозғалысты үйлестіре білді. Өзінің сенімділігі, шебер техникасы және артистік қабілетімен қазылар алқасын тәнті етті.
Оның бұл әсерлі өнер көрсетуі — еңбексүйгіштік пен табандылықтың, спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болды.
М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінің ұстаздар қауымы мен оқушылары Байдилда Алинаны осы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтап, оған жаңа табыстар, шабыт және алдағы жарыстарда зор жетістіктер тілейді!
Ученица 5 «Б» класса школы-лицея № 28 имени М.Маметовой Байдилда Алина с блеском выступила на областном чемпионате по художественной гимнастике и завоевала почётное 1 место! Алина продемонстрировала отличную физическую подготовку, грациозность и уверенность, поразив судей своей техникой исполнения и артистизмом. Её выступление стало ярким примером того, как трудолюбие, настойчивость и любовь к спорту приводят к выдающимся результатам. Педагогический коллектив и ученики школы-лицея № 28 им. М.Маметовой поздравляют Алину с заслуженной победой и желают новых достижений, вдохновения и успехов на будущих соревнованиях!



