05
қараша
2025
Жас жауынгердің жарқын жеңісі
М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінің 5 «Б» сынып оқушысы Қуаныш Арнұр қалалық мектептер арасындағы жарыста жиу-джитсу бойынша бірінші орынды жеңіп алып, айқын жеңіске жетті!
Жас спортшы жоғары дайындық деңгейін, ерік-жігері мен жеңіске деген құлшынысын тамаша көрсетті.
Табандылығы мен тәртібі, жүйелі жаттығуларының арқасында Арнұр қарсыластарын артта қалдырып, жүлде тұғырының ең биік сатысына лайықты түрде көтерілді.
М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінің ұстаздар қауымы мен оқушылары Қуаныш Арнұрды осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтап, оған жаңа табыстар, спорттық жеңістер және биік белестер тілейді!
Ученик 5 «Б» класса школы-лицея № 28 имени М.Маметовой Куаныш Арнур одержал уверенную победу на городских соревнованиях среди школ, завоевав 1 место по джиу-джитсу! Юный спортсмен показал высокий уровень подготовки, силу духа и волю к победе. Благодаря настойчивости, дисциплине и упорным тренировкам Арнур смог обойти соперников и заслуженно поднялся на верхнюю ступень пьедестала почёта.
Педагогический коллектив и учащиеся школы-лицея № 28 имени М.Маметовой искренне поздравляют Куаныша Арнура с этим достижением и желают ему дальнейших успехов, спортивных побед и новых вершин!


