Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Орта және жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кеңестердің /Советы для родителей, имеющих детей среднего и старшего школьного возраста
03
қыркүйек
2024

Орта және жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кеңестердің /Советы для родителей, имеющих детей среднего и старшего школьного возраста

Орта және жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына кеңестер

Баламен міндетті түрде ашық және байсалды сөйлесіңіз. Мектепке баруына байланысты не нәрсенің мазалайтынын анықтауға тырысыңыз. Мұғаліммен жолығып көріңіз — мүмкін ол да баланың мазасыздығының себебін айтып бере алады. Бұл себеп балаңызды қорқытатын оқушы, оны мазақтайтын сыныптастар немесе оқу үлгерімінің төмендігі болуы мүмкін.

Баланың мінез-құлқындағы күрт өзгерістер үйдегі жағдайға байланысты болуы мүмкін. Егер мұндай мәселе орын алса, баланы алдамаңыз, оған шындықты айтыңыз, бірақ егжей-тегжейіне бармаңыз. Оған мынаны түсіндіріңіз: «Мәселелерді мен өзім шешемін, сенің міндетің – мектепке барып, жақсы оқу».

Бала мектепте әр күні тамаша өтпейтінін түсінуі керек. Оған мәселелерді өзі шешуге тура келетінін түсіндіріңіз және әрқашан оған қолдау көрсететініңізді айтыңыз. Мектепте болған қызықты, көңілді оқиғаларды еске түсіріп отырыңыз — бұл оны ынталандырады. Оның күш-жігерін мадақтап жүріңіз. Мұғалімдерге балаларға деген жақсы қарым-қатынасы үшін алғыс айтып отырыңыз — бұл оларды балаңызға жылы шыраймен қарауға итермелейді.

Үйде үнемі ұрсып, жазаланып жүретін бала қатты мазасыз күйге түсуі мүмкін, бұл оның есте сақтау қабілетіне де кері әсер етеді.

Балаңыздың мінез-құлқындағы болмашы өзгерістерге де назар аударыңыз — себебі антиәлеуметтік қылықтар алғашында эпизодтық, жағдайға байланысты болады. Сөйлесіңіз, түсіндіріңіз, бірақ шарт қоймаңыз, бірден мінсіз болуын талап етпеңіз. Өмір сүру режимін, ортасын, бос уақытын біртіндеп өзгертіңіз. Жасөспірімнің мықты жақтарын табу керек — оны тапсырмалар арқылы дамытуға болады.

Балаға сену — ең маңыздысы! Қиын баланың өз жетістігінен қуаныш сезінуі – өте маңызды тәжірибе.

Балаңызбен сыпайы сөйлесіңіз, дөрекі сөздерден аулақ болыңыз. Мұғалімнің кемшіліктерін балаға айтпаңыз. Керісінше, оның жұмысының қиын екенін, шаршап, ашулануы мүмкін екенін түсіндіріңіз — мұғалім де жай адам екенін сезінсін. Мұғаліммен реніш білдірмей сөйлесіңіз — екеуіңіз бірге оң шешім таба аласыздар.

Мәселені ушықтырмай, мектеп әкімшілігі араласқанға дейін шешуге тырысыңыз. Жағдайды ерте кезеңде-ақ реттеңіз. Балаға ынта беретін себеп табыңыз (бірақ ақша емес!) — бұл оны жақсы оқуға ынталандырады.

Балаңыздың өзін-өзі бағалауын көтеруге көмектесіңіз. Оның қолынан бәрі келетініне сендіріңіз. Мұғалімдермен сөйлесіп, балаңыз білімін бүкіл сынып алдында дәлелдей алатын сәттерді ұйымдастырыңыз. Егер бала сізден көмек сұрамаса, оның ісіне араласпаңыз — бұл «Сен бәрін істей аласың, сен дұрыс жолдасың!» дегенді білдіреді.

Егер бала қиналса және көмекті қабылдауға дайын болса — міндетті түрде көмектесіңіз.
Балаңыз өз әрекетінің салдарымен өзі бетпе-бет келсін — тек сол кезде ол шынайы ересек әрі саналы тұлғаға айналады.


Советы для родителей, имеющих детей среднего и старшего школьного возраста
   Обязательно поговорите с ребенком серьезно. Выясните, что беспокоит его в связи с посещением школы. Встретьтесь с учителем, возможно, он расскажет вам причину беспокойства. Это может быть ученик, запугивающий вашего ребенка, или дети, которые насмехаются над ним, или неуспеваемость. Внезапное изменение в поведении ребенка может быть связано с обстановкой дома. Если такая проблема существует, не пытайтесь обманывать ребенка, говорите ему правду, но не вдавайтесь в подробности. Скажите ребенку, что вы сами разберетесь с проблемами, а его задача ходить в школу и успешно учиться. Ребенок должен знать, что каждый день в школе не может быть идеально хорошим и спокойным. Объясните ребенку, что ему самому придется решать возникающие проблемы, и вы всегда ему в этом поможете. Постарайтесь напоминать ребенку интересные и веселые случаи, которые произошли с ним в школе. Это его поддержит. Хвалите его за старания. Благодарите учителей за преподавание, хорошее отношение к детям, это настроит человека доброжелательно к вашему ребенку. Ребенок, которого дома постоянно ругают и наказывают, может дойти до крайней степени беспокойства и вследствие этого ничего не удерживать в памяти.
   Замечайте даже незначительные изменения в поведении, так как сначала асоциальное поведение проявляется эпизодически, ситуативно. Разговаривайте, объясняйте, но не ставьте условий, не требуйте сразу идеального поведения. Комплексно вводите изменения в режим дня, в общество подростка, в досуг. Необходимо найти сильные стороны или, лучше сказать, качества подростка и правильно их использовать, развивать, давая посильные задания. В ребенка необходимо верить – это главное!   Громадное значение имеет для трудного подростка испытать счастье, радость от успеха.   Говорите с ребенком тактично, избегайте резких выражений. Никогда не обсуждайте с ребенком недостатков учителя. Лучше объясните, как тяжело ему работать, указав этим на то, что учитель такой же человек, как и все остальные, и может устать и быть раздраженным. Поговорите с учителем без претензий, скорее всего, вместе вам легче будет найти выход. Не запускайте ситуацию. Не ждите, когда пламя конфликта заденет администрацию школы. Разрешите ситуацию в самом начале. Найдите стимул (только не деньги), чтобы ребенок старался успешно заниматься.
Улучшайте его самооценку. Говорите, что у него многое получится. Договоритесь с учителями, чтобы ваш ребенок мог показать свои знания именно в определенный момент перед всем классом. Не вмешивайтесь в дело, которым занят ваш ребенок, если он не просит помощи. Своим невмешательством вы будете сообщать ему: “С тобой все в порядке! Ты, конечно, справишься”. Если ребенку трудно, и он готов принять вашу помощь, обязательно помогите ему. Позвольте вашему ребенку встретиться с отрицательными последствиями своих действий. Только тогда он будет взрослеть и становиться “сознательным”.
    Советы родителям выпускников
   Не нужно препятствовать во время подготовки к экзаменам встречам вашего ученика с друзьями, привычным занятиям спортом. Все это необходимо. Не позволяйте злоупотреблять кофе, так как он усиливает тревожное состояние, особенно у неуверенных в себе детей. В первую очередь ребенку необходима ваша поддержка, знание, что он любим вами, несмотря ни на какие обстоятельства. Помогите ребенку обрести уверенность в своих силах, а в случае неуспеха найти запасные варианты.