Ашық сабақ/Открытый урок
6 қаңтар күні М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында 8-сынып оқушылары мен жаратылыстану кафедрасының барлық мұғалімдерінің қатысуымен «Менің Қазақстаным» атты интеграцияланған ойын өтті. Бұл ойын химия, биология, география, физика және экономика пәндерін біріктіріп, оқушыларға Қазақстанның табиғи, ғылыми және экономикалық ерекшеліктеріне кешенді көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Сайысқа әрқайсысы 5 адамнан тұратын 5 команда қатысты. Әр команда