Профилактикалық әңгіме/Профилактическая беседа
Бүгін мектебімізде Медеу ауданы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры Нұрбақыт Махимовпен және қалалық ювеналды полиция өкілдерімен кездесу өтті. 5, 8 және 9 сынып оқушыларымен болған әңгімеде қауіпсіздік, жауапкершілік және заңдылыққа қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Нұрбақыт Махимов оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, олардың сақталуының өздерінің қауіпсіздігі үшін қаншалықты маңызды екенін еске салды. Ол жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің абай болу керектігін және жол ережесін бұзудың қандай жағымсыз салдары болуы мүмкін екенін нақты түсіндірді.
Арнайы назар буллинг және кибербуллинг мәселелеріне аударылды. Инспектор балаға психологиялық қысымның (травляның) не екенін түсіндіріп, оның өмірде де, интернетте де қалай күресуге болатынын айтты. Егер олар буллингтің куәгері немесе құрбаны болса, қалай әрекет ету керек екендігі және қайда көмек сұрап жүгіне алатыны жөнінде кеңестер берілді.
Сондай-ақ, балалардың заңды қамқоршыларсыз кешкі уақытта көшеде болуына байланысты мәселе қаралды. Инспектор кәмелетке толмағандардың түнде ересек адамсыз далада болуынан туындайтын жағымсыз салдарлар туралы ескертті және қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесудің соңында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар тақырыбы қозғалды. Инспектор қандай әрекеттер заңға қайшы болып саналатынын, олардың қандай зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріп, балаларды жауапкершілікпен және саналы түрде өмір сүруге шақырды.
Іс-шара өзара түсіністік пен ашық атмосферада өтті, балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Оларға пайдалы ақпарат беріліп, саналы әрі жауапты азамат болуға көмектеседі деп сенеміз.
Сегодня в нашей школе состоялась встреча с инспектором по делам несовершеннолетних местного полицейского управления Медеуского района, майором полиции Нурбакыт Махимовым, а также с представителями Ювенальной полиции города. В рамках беседы с учениками 5, 8 и 9 классов были обсуждены важные темы, касающиеся безопасности, ответственности и законности.
Нурбакыт Махимов рассказал школьникам о правилах дорожного движения, напомнив о важности их соблюдения для обеспечения собственной безопасности на дорогах. Он подробно объяснил, как важно быть внимательными, как пешеходам, так и водителям, и какие последствия могут возникнуть при нарушении ПДД.
Особое внимание было уделено вопросам буллинга и кибербуллинга. Инспектор объяснил ребятам, что такое травля и как важно бороться с ней, как в реальной жизни, так и в интернете. Были даны рекомендации, как вести себя в случае, если они стали свидетелями или жертвами буллинга, и как вовремя обратиться за помощью.
Также обсуждалась тема вечернего нахождения детей без законных представителей. Инспектор подчеркнул, что нахождение несовершеннолетних на улице в ночное время без взрослых сопровождающих может привести к нежелательным последствиям, и напомнил о важности соблюдения правил безопасности.
В заключение встречи были затронуты вопросы правонарушений среди подростков. Инспектор объяснил, какие действия могут быть признаны противоправными и к каким последствиям это может привести, призвав ребят к ответственности и осознанному поведению. Мероприятие прошло в конструктивной и открытой атмосфере, дети активно задавали вопросы и делились мнениями, получив полезную информацию, которая поможет им быть более осведомленными и ответственными гражданами.

