Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Профилактикалық әңгіме/Профилактическая беседа
04
наурыз
2025

Профилактикалық әңгіме/Профилактическая беседа

Бүгін кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы мен педагог-психолог Қожахметова Т.О. КММ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің» оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу тақырыптары: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстар, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру» және «Кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг» болды.

Кездесу барысында Медеу ауданының аға прокуроры Қалижан Жанеркін, прокурорлар Мейрманова Назик және Шәріп Мәлікқаждар оқушыларға кәмелетке толмағандар жиі жасайтын құқықбұзушылық түрлері туралы қарапайым әрі түсінікті тілмен айтып берді. Әсіресе ұрлық, бұзақылық, кибербуллинг және тыйым салынған заттарды қолдану мен таратуға байланысты қылмыстарға ерекше назар аударылды. Заңға қайшы әрекеттердің жасөспірімдердің өздеріне де, айналасындағыларға да тигізетін салдары нақты мысалдармен түсіндірілді.

Оқушыларға жауапкершілік жасы, жаза түрлері, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы заңнама нормалары түсіндірілді.

Мектеп психологы Қожахметова Т.О. «Буллинг дегеніміз не және онымен қалай күресеміз?» тақырыбында дәріс оқып, «Миф және шындық» атты тренинг жаттығуларын, сондай-ақ «Жағдайларды шешу» атты практикалық тапсырмаларды жүргізді.

Кездесу соңында прокуратура өкілдері жеке қауіпсіздік бойынша практикалық кеңестер беріп, интернеттегі қылмыстық әрекеттерден қорғану жолдарын түсіндірді.

Іс-шара құқықбұзушылықтың алдын алуда маңызды қадам болды. Ұйымдастырушылар мектеппен заңға бағынатын, жауапты азаматтарды тәрбиелеу жолындағы өзара тиімді серіктестікті жалғастыруға үміт білдірді.


Сегодня в рамках работы по профилактике преступности и правонарушений среди несовершеннолетних, прокуратура Медеуского района города Алматы и педагог-психолог Кожахметова Т.О.,  провели беседу с учащимися КГУ «школы-лицей №28 им. М.Маметовой».  Беседа была посвящена теме «Преступления и правонарушения среди несовершеннолетних, воспитание правового сознания обучающихся» и «Буллинг среди несовершеннолетних» 
В ходе встречи представители прокуратуры старший прокурор Медеуского района Калижан Жанеркин, прокуроры  Мейрманова Назик и Шәріп Маликаждар в доступной и понятной форме рассказали школьникам о наиболее распространенных видах правонарушений, совершаемых несовершеннолетними, уделяя особое внимание кражам, хулиганству, кибербуллингу и преступлениям, связанным с употреблением и распространением запрещённых веществ. Были приведены примеры из практики, иллюстрирующие последствия противоправных действий, как для самих подростков, так и для окружающих.Школьникам разъяснили положения законодательства, касающиеся возраста наступления ответственности, меры наказания, а также права и обязанности несовершеннолетних. 
Школьный психолог Кожахметова Т.О. провела лекцию на тему «Что такое буллинг и как с ним бороться?» и тренинговые упражнения «Миф и реальность», также практические задания «Разрешение ситуаций». 
В завершении встречи представителями прокуратуры были даны практические советы по личной безопасности, а также разъяснены способы защиты от преступных посягательств, в том числе, в сети интернет.
Мероприятие стало важным шагом в профилактике правонарушений. Организаторы выразили надежду на продолжение плодотворного сотрудничества со школой в деле воспитания ответственных и законопослушных граждан.