Сынып сағат/Классный час
Бүгін М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде қауіпсіздік, патриотизм, экология және мәдени дәстүрлер тақырыптарын қамтитын сынып сағаттары өтті. 5–9 сынып оқушыларына арналған «Көмек» бағдарламасы бойынша «Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер» тақырыбында сабақ өткізілді. Бұл сабақта оқушылар төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін, қауіпсіздік шараларын және апатқа дайын болудың маңыздылығын үйренді. Сондай-ақ, «Жеке қауіпсіздік сабағы №2» өтті, онда күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері