Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіз жаз/Безопасное Лето
20
мамыр
2025

Қауіпсіз жаз/Безопасное Лето

Құрметті ата-аналар!
Жаз – бұл белсенді демалыс, саяхаттар, таза ауада ойындар мен жарқын әсерлер мезгілі. Алайда жазғы демалыстың қауіпсіз және оқыс оқиғасыз өтуі үшін қауіпсіздік ережелерін алдын ала сақтау өте маңызды.
Сіздерден келесі ұсынымдарға назар аударуды сұраймыз:
1. Балаңыздың уақытын және орналасқан жерін бақылау.
Балаңыздың қайда және кіммен уақыт өткізіп жатқанын үнемі біліп отырыңыз. Үйге қайту уақыты мен байланыс құралдары туралы алдын ала келісіп алыңыз.

2. Судағы қауіпсіздік.
Шомылуға тек рұқсат етілген жерлерде және ересектердің бақылауымен рұқсат етіледі. Балаларға жалғыз шомылуға ешқашан рұқсат бермеңіз.

3. Жол жүру ережелерін сақтау.
Балаға жолдан өту ережелерін еске салыңыз, әсіресе велосипед, самокат немесе ролик тебу кезінде. Қорғаныс құралдарын пайдалану міндетті.

4. Өрт қауіпсіздігі.
Балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіріңіз, электр құралдарын қолдану ережелерін және өрт шыққан жағдайда не істеу керектігін үйретіңіз.

5. Бейтаныс адамдармен сөйлескенде абай болу.
Балаңызды бейтаныс адамдармен сөйлеспеуге, сіздің рұқсатыңызсыз серуенге не сапарға шықпауға үйретіңіз.

6. Денсаулық және ыстықтан қорғану.
Балаңыздың бас киім киіп жүргеніне, күннен қорғайтын құралдарды пайдаланатынына, жеткілікті су ішетініне және күннің ыстығында ұзақ болмағанына көз жеткізіңіз.

7. Терезеден құлау қаупінің алдын алу.
Балаңызды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз. Арнайы терезе блокираторларын қолданыңыз және бала терезе алдына шыға алмас үшін терезе маңына жиһаз қоймаңыз.

8. Дұрыс және теңгерімді тамақтану.
Балаңыздың тамақтануын қадағалаңыз: ас мәзірі әртүрлі, жемістерге, көкөністерге, ақуызға және сұйықтыққа бай болуы қажет.

Есіңізде болсын: мұқияттық пен ата-аналық қамқорлық – балаларымыз үшін қауіпсіз және бақытты жаз кепілі!

Уважаемые родители!
Лето — это пора активного отдыха, путешествий, игр на свежем воздухе и ярких впечатлений. Однако, чтобы летние каникулы прошли безопасно и без происшествий, очень важно заранее позаботиться о соблюдении правил безопасности.
Просим вас обратить внимание на следующие рекомендации:
1.    Контроль за временем и местонахождением ребёнка. Регулярно интересуйтесь, где и с кем проводит время ваш ребёнок. Договоритесь о времени возвращения домой и способах связи.
2.    Безопасность на воде. Купание возможно только в разрешённых местах и под присмотром взрослых. Никогда не позволяйте детям плавать в одиночку.
3.    Соблюдение правил дорожного движения. Напомните ребёнку о правилах перехода через дорогу, особенно при езде на велосипеде, самокате или роликах. Использование защитной экипировки обязательно.
4.    Пожарная безопасность. Объясните детям опасность игр с огнём, правила обращения с электроприборами, а также действия в случае возникновения пожара.
5.    Осторожность при общении с незнакомцами. Научите ребёнка не вступать в разговоры с незнакомыми людьми и не соглашаться на прогулки или поездки без вашего разрешения.
6.    Здоровье и защита от жары. Убедитесь, что ребёнок носит головной убор, пользуется солнцезащитными средствами, пьёт достаточно воды и избегает длительного пребывания на солнце в часы пик.
7.    Профилактика выпадения детей из окон. Никогда не оставляйте ребёнка без присмотра в комнате с открытым окном. Используйте специальные оконные блокираторы и не ставьте мебель рядом с окнами, чтобы ребёнок не мог забраться на подоконник.
8.    Здоровое и сбалансированное питание. Следите за рационом ребёнка: питание должно быть разнообразным, с достаточным количеством фруктов, овощей, белков и жидкости. 
Помните: внимательность и участие — залог безопасного и счастливого лета для наших детей!