Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Шеңбер мен дөңгелек» тақырыбындағы STEM-сабақ
11
наурыз
2026

«Шеңбер мен дөңгелек» тақырыбындағы STEM-сабақ

Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі аясында Жукенова Аягуль Жумашевна 4 «А» сыныбында «Шеңбер мен дөңгелек» тақырыбында, «Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы аясында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты — оқушыларды берілген радиус бойынша шеңбер мен дөңгелек сызуға үйрету, кеңістіктік ойлауды дамытуға арналған логикалық есептерді шығару және сандарды түрлендіру дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысында мұғалім STEM-тәсілді қолданды, бұл математиканы инженерия және экология элементтерімен ұштастыруға мүмкіндік берді. Оқушылар автомобиль модельдерімен, LEGO конструкторымен жұмыс істеп, сондай-ақ қолда бар материалдарды пайдаланып, олардың қайта қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Сабақ барысында оқушылар шағын жобалар дайындап, топ ішінде рөлдерді бөлісіп, өз жұмыстарын таныстырды. Жобалық жұмыстың барлық кезеңдерін олар арнайы дәптерлеріне жазып отырды. Сабақтың қорытындысында оқушылар «Болашақтың экомобильдері» атты ұжымдық журнал жасап, онда экологиялық таза көлік туралы өз идеяларын ұсынды.


В рамках декады учителей начальных классов Жукенова Аягуль Жумашевна провела в 4 «А» классе открытый урок по математике на тему «Окружность и круг» в контексте сквозной темы «Охрана окружающей среды». Целью урока было научить учащихся строить окружность и круг по заданному радиусу, решать логические задачи на развитие пространственного мышления, а также выполнять преобразование чисел.

На уроке учитель использовала STEM-подход, что позволило интегрировать математику с элементами инженерии и экологии. Учащиеся работали с моделями автомобилей, конструктором LEGO, а также использовали подручные материалы, обсуждая возможности их вторичного применения.

В ходе занятия ученики создавали мини-проекты, распределяли роли в группе и представляли результаты своей работы. Все этапы проектной деятельности они фиксировали в специальных блокнотах. По итогам урока учащиеся создали коллективный журнал «Экомобили будущего», в котором представили свои идеи экологически чистого транспорта.