Соңғы қоңырау – 2025 жыл
Соңғы қоңырау – бұл жай ғана мектеп дәстүрі емес. Бұл – өмірдің маңызды бір кезеңінің аяқталуын білдіретін символ, балалық шақтың ересек арманға, жаңа жоспарлар мен өмір жолына ауысатын сәті. 2025 жылғы 24 мамыр күні КММ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің» 69 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл – толқынысқа толы, жүрек тебірентер мереке болды. Түлектерге арнау сөзін мектеп директоры Медетбекова А.Т. жолдады: «Бүгін ерекше күн! Соңғы қоңырау – тек мектеп дәстүрі ғана емес, бұл өмірдің