Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек – Білім күні «Мектебім-Мейірім мекені!»
01
қыркүйек
2025

1 қыркүйек – Білім күні «Мектебім-Мейірім мекені!»

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі оқушылар және сүйкімді бүлдіршіндер – бірінші сынып оқушылары!

       Бүгінгі Білім күнімен1 қыркүйек мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы еліміздегі әрбір мектеп оқушысы үшін ерекше бастама, үлкен үміт пен жарқын болашақтың бастауы. Ал біздің мектебімізде бұл күн – шаттық пен мейірімге толы үлкен мереке!

     Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. Ата Заң – еліміздің басты құндылықтарын, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі. Осы мерейтойлық жылы біз Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті оқушыларымыздың бойына дарытуда жаңа серпінмен жұмыс істейміз. Бұл бағытта Елбасы ұсынған «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы – бізге нақты жол сілтейтін бағдар.

     «Адал Азамат» – тек адалдық пен әділдікті дәріптеу ғана емес, бұл – елін сүйетін, тілін құрметтейтін, мәдениеті мен тарихын білетін саналы ұрпақ тәрбиелеудің бастамасы. Мектебімізде бұл бағдарлама негізінде түрлі жобалар, іс-шаралар мен пәндік-бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

    «Мектебім – мейірім мекені» – бұл тек ұран емес, біздің мектебіміздің шынайы келбеті. Жылы жүректі ұстаздарымыз, өз ісіне жауапты оқушыларымыз және қолдаушы ата-аналарымыздың арқасында біздің білім ордасы – нағыз мейірім мен тәрбиенің, білім мен руханияттың ордасына айналып отыр.

   КГУ «Школа-лицей №28 имени М.Маметовой» – бұл жай ғана оқу орны емес. Бұл – аты аңызға айналған батыр қыз Мәншүк Мәметованың есімін иеленген қасиетті шаңырақ. Осы мектеп қабырғасынан талай шәкірт үлкен өмірге жолдама алып, ел игілігіне қызмет етіп жүр. Мектебіміздің тарихы – ұрпақтар сабақтастығы мен ұстаз еңбегінің жемісі.

Қадірлі ата-аналар! Сіздердің қолдауларыңыз – біз үшін үлкен сенім. Біз сіздермен бірге жұмыс істеп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге бар күшімізді саламыз.

   Құрметті ұстаздар! Жаңа оқу жылы құтты болсын! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін. Сіздердің қолдарыңыздағы әрбір бала – ел болашағы екенін ұмытпаңыздар.

   Ал, біздің кішкентай достарымыз – бірінші сынып оқушылары! Бүгін сіздер алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отырсыздар. Алда сіздерді қызықты сабақтар, жаңа достар, мейірімді ұстаздар күтуде. Сіздерге сәттілік, қызығушылық пен батылдық тілеймін!

     Баршаңызға жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, бейбіт күн, мықты денсаулық пен сәттілік тілеймін!

Білім күні құтты болсын!


Уважаемые педагоги, дорогие родители и ученики и, конечно же, наши самые маленькие ученики – первоклассники!

От всей души поздравляю вас с Днём знаний и началом нового учебного года!

1 сентября – это особенный день. Он объединяет все поколения: тех, кто только впервые переступает школьный порог, и тех, кто возвращается в родные стены, чтобы продолжить свой путь к знаниям. Этот день всегда наполнен особым смыслом, волнением и радостью.

Тема сегодняшнего праздника – «Мектебім – мейірім мекені», что означает: «Моя школа — очаг добра и заботы». Именно такой мы стремимся видеть нашу школу — местом, где каждому ребёнку тепло, интересно и безопасно; где его поддерживают, уважают и вдохновляют.

В этом году Республика Казахстан отмечает важную дату — 30-летие Конституции. Наш Основной закон гарантирует каждому гражданину право на образование, справедливость и защиту. Воспитывая подрастающее поколение, мы опираемся на эти принципы и стараемся формировать личностей, преданных своей стране и её ценностям.

Школа №28 с гордостью носит имя Мәншүк Маметовой — героической девушки, ставшей символом мужества, патриотизма и силы духа. Мы гордимся тем, что наша школа — это не просто образовательное учреждение, а место, где чтут историю, воспитывают характер и закладывают основы честной, справедливой жизни.

Сегодня мы также продолжаем реализацию программы «Адал Азамат», направленной на воспитание достойных, честных и ответственных граждан. Мы стремимся, чтобы каждый ученик не только получал знания, но и рос справедливым, порядочным человеком, любящим Родину и уважающим окружающих.

Уважаемые родители! Спасибо за ваше доверие. Только совместными усилиями — школой и семьёй — мы сможем вырастить достойное поколение.

Дорогие коллеги! Пусть новый учебный год принесет вдохновение, профессиональные достижения и благодарные улыбки учеников.

А вам, наши первоклассники, мы желаем, чтобы школа стала для вас вторым домом. Пусть каждый день будет наполнен открытиями, радостью, добром и новыми друзьями!

С праздником, дорогие друзья!

Пусть новый учебный год станет годом новых свершений, мира, согласия и больших побед!

С Днём знаний!

С наилучшими пожеланиями, 
директор КГУ "Школа-лицей №28 им.М.Маметовой"
Медетбекова Айсулу Темиргалиевна