Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ/Открытый урок
12
желтоқсан
2024

Ашық сабақ/Открытый урок




Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында желтоқсанның  12-сі күні Кайыпова Гүлнұр Алпысбаевна 6 “Б” сыныбында “Ұлттық музейге бардың ба?” деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: тарихи жәдігерлерімізді қастерлеп, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білу. 
        Мұғалім сабақта ақпараттық технологиялар «Wordwall», «Кім жылдам?» әдістерімен қызықты тапсырмалар ұйымдастырып, үй жұмысын сұрады. Тақырып аясында жаңа сөздермен таныстырды. Сабақта жасанды интеллектің көмегімен  «Ұлттық музей» туралы ақпарат беріп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырды. Оқылым тапсырмасынан кейін түрлі-түсті қима қағаздармен сұрақ- жауап ұйымдастырды. Оқушылар «Ұлттық музейде»  мәдениетімізді айшықтап тұрған әрбір жәдігердің құнды екенін түсінді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстардың кезектесіп жүргізілуі әр оқушыға өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді. Сабақ өз мақсатына жетті.