«Ұстаздарға мың алғыс!» — Мұғалімдер күніне арналған шығармашылық кеш
Мектептегі ең мейірімді әрі жарық мерекелердің бірі — Мұғалімдер күні қарсаңында, жоғары сынып оқушыларының кеңесі мен мектептік өзін-өзі басқару ұйымы барлық ұстаздарға шын жүректен жасалған керемет сый дайындады: олар алғыс пен шынайы сезімге толы шығармашылық концерт ұйымдастырды.
Салтанатты кешті мектеп директоры — Медетбекова Айсулу Темірғалиевна өзінің жүрекжарды құттықтауымен ашты. Ол ұжымды кәсіби мерекемен жылы лебізбен құттықтап, ұстаздар еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
Құттықтаудан кейін марапаттау рәсімі өтті. Білім беру саласындағы жоғары жетістіктері, мамандыққа адалдығы мен білімге қосқан үлесі үшін мектептің үздік мұғалімдері Білім басқармасы, Аудандық білім бөлімі және «AMANAT» партиясы тарапынан Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Ерекше ықылас педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналды — мектепке саналы ғұмырын арнаған жандарға Профсоюз комитеті атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл — көпжылдық еңбектеріне деген терең құрмет пен ризашылықтың белгісі.
Бұл кеш жай ғана концерт емес — бұл шынайы сезімдерге, шабыт пен шығармашылыққа толы мерекелік калейдоскоп болды! Кеш барысында көрермендерді: мектеп өмірі жайлы әсерлі бейнероликтер, сахналық көріністер мен фокустар, көңілді билер, жүрекке жеткен өлеңдер мен хордың өнері, харизмалы жүргізушілер мен нағыз мерекелік атмосфера күтіп тұрды.
Әрбір қойылым — ұстаздарымызға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Бұл күн — тек мұғалімдер үшін ғана емес, концертті дайындауға атсалысқан әрбір адам үшін де үлкен мерекеге айналды. Ол — болашағымыз үшін жүрек жылуын арнайтын жандарға деген алғыс пен құрметтің нышаны болды.
Осындай ерекше күнді шын жүректен ұйымдастырған барлық жанға алғысымыз шексіз. Сіздер бұл күнді шын мәнінде ұмытылмас еттіңіздер!
В преддверии одного из самых добрых и светлых праздников — Дня учителя, совет старшеклассников и школьное самоуправление нашей школы сделали настоящий подарок для всех педагогов: они организовали творческий концерт, полный тепла, благодарности и искренних эмоций. Торжественное мероприятие открыло поздравительное выступление директора школы — Медетбековой Айсулу Темиргалиевны, которая тепло поздравила коллектив с профессиональным праздником. После поздравления состоялась церемония награждения. Лучшие педагоги школы были отмечены Почётными грамотами и Благодарственными письмами от Управления образования, Районного отдела образования, партии AMANAT — за высокие достижения, верность профессии и вклад в развитие образования. Особое внимание было уделено ветеранам педагогического труда — людям, отдавшим школе долгие годы своей жизни. От имени Профсоюзного комитета им были вручены памятные подарки — как знак глубокого уважения и признательности за многолетний труд.


























