Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Медеу ауданының ұстаздарына көрсетілген құрмет
02
қазан
2025

Медеу ауданының ұстаздарына көрсетілген құрмет

2025 жылғы 2 қазан күні, Медеу ауданы әкімдігінде Мұғалімдер күні қарсаңында ұстаздарға арналған салтанатты қабылдау өтті. Бұл күні жас ұрпақты тәрбиелеуге күн сайын жүрегін арнап жүрген ұстаздарға ерекше құрмет пен алғыс білдірілді.

Солардың бірі — «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің» директоры Медетбекова Айсұлу Темірғалиқызы. Ол Медеу ауданының әкімі Оразалин Е.Н. атынан «өз ісіне адалдығы, кәсіби біліктілігі және ауданның білім беру жүйесіне қосқан елеулі үлесі үшін» құрмет грамотасымен марапатталды.

Біз Медеу ауданы әкімдігіне мұғалімдер еңбегіне көрсеткен назар мен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз. Мұндай жоғары баға — біздің барша ұстаздар қауымы үшін үлкен құрмет әрі шабыт, алдағы уақытта да өз ісімізді махаббатпен және ынтамен атқара беруге күш береді.

Мұғалімдер күні — бұл еліміздің болашағын қалыптастыратын жандардың мерекесі. Ұстаз болу — жай мамандық емес, бұл – шын жүректен келетін миссия, зор жауапкершілік пен балаларға деген шексіз махаббат.

Әр ұстаз өз еңбегі үшін тек мереке күндері ғана емес, күн сайын шынайы құрмет пен қолдауды сезінсін!

2 октября 2025 года в Акимат Медеуского района чевствовал педагогов в преддверии Дня учителя! В этот день особое внимание и признание получили те, кто ежедневно вкладывает душу в воспитание подрастающего поколения. Директор КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой» Медетбекова Айсулу Темиргалиевна получила грамоту от акима Медеуского района Оразалина Е.Н., за преданность профессии, высокий профессионализм и вклад в развитие образования района. Выражаем благодарность 
Акимату Медеуского района за оказанное внимание и поддержку педагогического труда. Такая оценка — большая честь и мотивация для всех нас продолжать работать с любовью и вдохновением.  День учителя — это праздник людей, формирующих будущее страны. Быть учителем — это не просто профессия, это призвание, ответственность и бесконечная любовь к детям. Пусть каждый педагог чувствует уважение, поддержку и благодарность за свой труд — не только в праздник, но и каждый день.