Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұстаз болғым келеді» – Мамандық таңдауына арналған Дублёр күні
03
қазан
2025

«Ұстаз болғым келеді» – Мамандық таңдауына арналған Дублёр күні

2025 жылғы 3 қазанда М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде Дублёр күні өтті – бұл маңызды әрі қызықты іс-шара оқушыларға мұғалім мамандығын өз бетімен сезініп көруге мүмкіндік берді.

Оқушылар бұл күнге алдын ала дайындалды: өздері тапсырмалар әзірлеп, ұстаз-тәлімгерлермен кеңесіп, сабақ құрылымын және материалды ұсыну әдістерін ойластырды. Осы күні оқушылар тура мағынасында тақта алдына шығып, мұғалімнің жұмысы қаншалықты жауапкершілікті және маңызды екенін өз көздерімен көріп, жүректерімен сезінді.

Көптеген оқушылар бұл тәжірибеден кейін ұстаздықты өздерінің болашақ мамандығы ретінде қарастыра бастағандарын мойындады.

Бұл тәжірибе тек қызықты ғана емес, сонымен қатар кәсіби бағдар беру жұмысының маңызды бөлігіне айналды және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ерекше мәнге ие болды.

Дублёр күні мектептің оқушыларды мамандық таңдауға саналы түрде бейімдеуде, еңбекке құрмет пен оның құндылығын ұғындыруда үлкен рөл атқара алатынының жарқын дәлелі болды.

Бұл күн барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар, шынайы алғыс пен ұстаздық қызметтің маңыздылығына деген сенім сыйлады.


3 октября в КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»  прошёл День дублёра — важное и интересное событие, которое позволило учащимся примерить на себя профессию учителя. Ребята заранее готовились: сами разрабатывали задания, советовались с наставниками, продумывали структуру уроков и методы подачи материала. В этот день ученики в прямом смысле встали у доски — и смогли прочувствовать, насколько ответственна и важна роль педагога. Многие из них признались, что задумались о профессии учителя как о будущем жизненном пути. Этот опыт стал не только увлекательным, но и очень значимым в рамках профориентационной работы и в контексте Года рабочих профессийДень дублёра стал ярким примером того, как школа может вдохновлять и помогать учащимся осознанно выбирать будущую профессию, формируя уважение к труду и понимание его ценности. Этот день подарил всем участникам множество ярких эмоций, искреннюю благодарность и веру в значимость учительского дела.