Дублер күні/День Дублера
📅 2024 жылғы 4 қазан күні М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде «Дублер күні» өтті.
Бұл ерекше күнге 11-сынып оқушылары белсене атсалысып, оны ерекше әрі есте қаларлықтай етіп ұйымдастырды.
🎓 «Дублер күні» сияқты іс-шаралар оқушылардың белсенді қатысуына жол ашады және білімді тәжірибе арқылы меңгеруге ықпал етеді. Мұндай эксперименттік форматтағы сабақтар ғылыми білімнің меңгерілу деңгейін арттыратыны дәлелденген.
📘 Оқушылардың мұғалім рөлінде болуы – олардың жеке оқу мақсаттарын қоюына мүмкіндік береді. Бұл – мотивация үшін аса маңызды. Мақсат қою теориясы нақты қойылған мақсаттар оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыратынын көрсетеді.
👏 Бүгінгі күн – көшбасшылық, жауапкершілік пен шығармашылықтың жарқын көрінісі болды! 11-сынып оқушыларына ерекше алғыс білдіреміз!



