Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сүйікті ұстазбен кездесу: әр балаға бір алма
03
қазан
2025

Сүйікті ұстазбен кездесу: әр балаға бір алма

Мұғалімдер күніне орай М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Күчербаева Алия Қабдахметқызы ұйымдастырған ерекше әрі жүрекке жылы тиетін іс-шара өтті.

Ұстаз өз оқушыларына «Сүйікті ұстазбен кездесу: әр балаға бір алма» атты шынайы мереке сыйлады. Сабақ барысында Алия Қабдахметқызы әр балаға алма табыстап, оны білімнің, денсаулықтың және даналықтың символы ретінде ұсынып, жылы лебіздері мен тілектерін жеткізді.

Балалар үшін бұл сыйлық — жай ғана тәтті емес, мейірім мен қамқорлықтың белгісі, ал алма — күн сайын сабақта алатын жаңа білімнің бейнесі ретінде қабылданды.

Оқушылар өз ризашылықтарын білдіріп, өлең оқып, ән айтып, ұстаздарына қол шапалақтап, қуаныш пен күлкі сыйлады.

Іс-шараның атмосферасы шынайы қуаныш пен алғысқа толы болды. Бұл сәттер балалардың жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз.

В День учителя в школе-лицее № 28 имени М. Маметовой прошло трогательное мероприятие, организованное учителем начальных классов Кучербаевой Алией Кабдахметовной. Своим ученикам педагог подарила настоящий праздник под названием «Встреча с любимым учителем: яблоко каждому».На уроке Алия Кабдахметовна вручала каждому ребёнку яблоко как символ знаний, здоровья и мудрости, сопровождая подарок теплыми словами напутствия. Для ребят этот жест стал особым знаком заботы и внимания, ведь яблоко здесь символизировало не только угощение, но и источник новых знаний, которые они ежедневно получают на уроках. Дети в ответ читали стихи, исполняли песни и дарили своей учительнице аплодисменты и улыбки. Атмосфера мероприятия была наполнена искренней благодарностью и радостью.