Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қаржылық қауіпсіздік: сақ бол — өзіңді және жақындарыңды қорға!
19
қыркүйек
2025

Қаржылық қауіпсіздік: сақ бол — өзіңді және жақындарыңды қорға!

Соңғы жылдары қаржылық алаяқтық оқиғалары күрт өсуде, оның ішінде білім беру мекемелерінің қызметкерлері де жиі құрбанына айналуда. Алаяқтар барған сайын айлакер болып барады: «банк», «қауіпсіздік қызметі», «мемлекеттік орган» атынан қоңырау шалып, банк картасының деректерін беруге, күмәнді қосымшалар орнатуға немесе тіпті ақша аударуға көндіреді.
Ең қауіптісі — банк карталарын немесе олардың деректерін үшінші тұлғаларға өз еркімен беру. Бұл — «таныс», «туыс» не «қызметкер» болып көрінгенімен, салдары орны толмас болуы мүмкін.

2025 жылғы 19 қыркүйекте Халық банкінің қызметкерлері педагогикалық ұжыммен қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша алдын алу кездесуін өткізді. Кездесу барысында қарапайым, бірақ маңызды ережелерді сақтау қажеттілігі талқыланды:

  • Банк карталары мен төлем деректерін үшінші тұлғаларға бермеу;

  • Егер төлем құралдары біреудің қолына түсіп кеткен болса — оларға қолжетімділікті дереу жабу.

Сонымен қатар, қазіргі цифрлық және әлеуметтік алаңдарды пайдалана отырып, халықтың нысаналы топтарына қаржылық сауаттылық пен қырағылықтың маңыздылығын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алаяқтық схемалар санының өсуі жағдайында мұндай кездесулердің маңызы зор. Білім — ең жақсы қорған!

Осы ақпаратты әріптестеріңізбен және жақындарыңызбен бөлісіңіз — бірге қауіп-қатерді азайтып, өзімізді қорғай аламыз!


В последние годы резко возросло количество случаев финансового мошенничества, в том числе — с участием сотрудников образовательных учреждений. Мошенники действуют всё изощрённее: звонят от имени «банков», «служб безопасности», «госструктур», убеждают передать данные карты, установить подозрительные приложения или даже перевести деньги.  Особую опасность представляет добровольная передача банковских карт или данных третьим лицам. Даже если это "знакомый", "родственник" или "представитель службы" — последствия могут быть необратимыми.19 сентября 2025 года сотрудники Халык банка провели профилактическую беседу с педагогическим коллективом по вопросам финансовой безопасности, где обсудили важность соблюдения простых, но важных правил: Не передавать свои банковские карты и платёжные данные третьим лицам, Немедленно закрывать доступ к ранее переданным платёжным инструментам, если им кто-то воспользовался. Также провели информационно-разъяснительную работу, используя современные цифровые и социальные площадки, чтобы донести до целевых категорий населения важность бдительности в финансовых вопросах.  Такие встречи особенно важны в условиях роста числа мошеннических схем. Знание — лучшая защита!  Поделитесь этой информацией с коллегами и близкими — вместе мы можем снизить риски и обезопасить себя!