Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп пен үйдегі қауіпсіздік: үлкендерден үлгі алған кіші буын/ Безопасность в школе и дома: младшие учатся у старших
21
қазан
2025

Мектеп пен үйдегі қауіпсіздік: үлкендерден үлгі алған кіші буын/ Безопасность в школе и дома: младшие учатся у старших

Мектеп өмірінің басталуы – бұл тек жаңа оқу кезеңі ғана емес, сонымен қатар баланың жеке кеңістігі мен дербестігінің айтарлықтай кеңеюі. Бірінші сынып оқушылары үшін бұрын таныс емес жарақат алу қаупі бар жағдайлар жиі кездеседі (мысалы, мектеп дәліздерінде, үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар ойнағанда, үйге өз бетінше қайтқанда немесе ересектерсіз үйде болғанда). Осыған байланысты қауіпсіздік ережелерін жүйелі әрі түсінікті түрде үйрету – аса маңызды міндет болып табылады.

2025–2026 оқу жылына арналған профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес сынып жетекшісі Письмерова М.А. мен 10 «А» сынып оқушылары 1 «Г» сыныптың бастауыш сынып оқушыларымен бірге «Мектеп пен үйдегі қауіпсіздік және жарақаттың алдын алу» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – балаларды тек мектеп қабырғасында ғана емес, үй жағдайында да қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету.

Жоғары сынып оқушылары «тәлімгер» рөлінде келесі ережелерді әзірледі:

  1. Мектеп ішінде жүру ережелері.

  2. Сабақта, асханада, кітапханада және спорт алаңында өзін-өзі ұстау ережелері.

  3. Баланың үйде жалғыз қалған кездегі қауіпсіздік ережелері.

Өткізілген іс-шара «тең – теңге» әдісінің тиімділігін айқын көрсетті: бірінші сынып оқушылары ақпаратты өздеріне үлгі бола алатын үлкен сынып оқушыларынан ықыласпен қабылдайды. Жоғары сынып оқушыларының қатысуы кішкентайларға маңызды ережелерді меңгеруге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар олардың өздерінде жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттер мен балалармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл үздіксіз үдеріс. Мұндай іс-шараларды жүйелі түрде өткізу, сондай-ақ мектепте және үйде жарақаттың алдын алуға бағытталған қауіпсіз орта құру – балаларымыздың денсаулығы мен амандығының кепілі болып табылады.


Начало школьной жизни – это не только новый этап в обучении, но и значительное расширение личного пространства и самостоятельности ребенка. Первоклассники часто сталкиваются с новыми для них травмоопасными ситуациями (например, в школьных коридорах, во время подвижных игр на переменах, при самостоятельном пути домой или пребывании дома без взрослых). В связи с этим систематическое и доступное обучение правилам безопасности является критически важной задачей. Согласно Плану профилактических мероприятий на 2025-2026 учебный год классный руководитель Письмерова М.А. вместе с учениками 10 «А» класса провели классный час на тему: «Безопасность и предотвращение травматизма в школе и дома» с младшими школьниками - учащимися 1 «Г» класса. Целью данного мероприятия является обучение детей безопасному поведению не только в стенах учебного заведения, но и дома. Старшеклассники, выступая в роли «наставников», разработали правила: 1.    Правила передвижения по школе. 2.    Правила поведения на уроке, в столовой, библиотеке и на спортплощадке. 3.    Правила безопасного нахождения дома, если ребенок остался один. Проведенное мероприятие показало высокую эффективность метода «равный – равному»: первоклассники охотнее воспринимают информацию от старших школьников, воспринимая их как авторитетных, но близких наставников. Участие старшеклассников не только помогло младшим освоить важные правила, но и способствовало развитию ответственности, лидерских качеств и умения работать с детьми у самих организаторов. Обеспечение безопасности – это непрерывный процесс. Регулярное проведение таких мероприятий, а также создание травмобезопасной среды в школе и дома являются залогом здоровья наших детей.