Жаратылыстану ғылымдарының онкүндігі./Декада естественно-научных дисциплин.
2025 жылдың 12 ақпанында М. Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде декада аясында 5-сынып оқушылары арасында экологияға арналған видеороликтер конкурсы өтті. Оқушыларды биология пәнінің мұғалімі Нуралина Сандугаш Жумабековна дайындап, өткізді.
Конкурс екі бағытта ұйымдастырылды: «Туған өлкенің табиғаты» – виртуалды саяхат және «Менің қоршаған ортам – ғажайып әлем». Шараның негізгі мақсаттары – оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін тәрбиелеу, экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру және туған жердің табиғатына деген оң көзқарасты дамыту, сондай-ақ оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Жюри жұмыстарды бағалау кезінде келесі критерийлерге назар аударды: эмоционалдық және ақпараттық мазмұны, шығармашылық тәсіл, жаңашылдық пен инновация, сондай-ақ экологиялық мәселелердің көрінісі.
Конкурсқа қатысушылар:
🔹 Ерғалиева Миа (5 Г сынып)
🔹 Айдарұлы Темірлан (5 Г сынып)
🔹 Дінмұханбедқызы Зере (5 Б сынып)
🔹 Гайнова Анастасия (5 А сынып)
🔹 Каплунова Амалия (5 А сынып)
🔹 Ветлугина Алиса (5 В сынып)
🔹 Янулис Кира (5 В сынып).
Бұл конкурс оқушылардың таланттарын ашуға ғана емес, сонымен қатар табиғатты аялаудың маңыздылығын түсінуге маңызды қадам болды. Қатысушылардың жұмыстары көрермендер мен жюриді шабыттандырып, қоршаған ортаны қорғау – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз екенін көрсетті.
12 февраля в школе-лицее № 28 им.М.Маметовой, в рамках декады, прошел Конкурс видеороликов по экологии для учащихся 5-х классов, который провела учитель биологии Нуралина Сандугаш Жумабековна. Конкурс включал два направления: «Природа родного края» – виртуальное путешествие и «Окружающий меня мир – удивительный мир». Основные цели мероприятия – воспитание социальной ответственности учащихся, повышение экологической грамотности, формирование экологической культуры и позитивного отношения к природе родного края, а также стимулирование интеллектуально-творческого потенциала школьников. При оценке работ жюри учитывало следующие критерии: эмоциональность и информационное содержание, творческий подход, инновации и новизна, а также отражение экологических проблем.В конкурсе приняли участие: 🔹 Ергалиева Миа (5 Г класс) 🔹 Айдарұлы Темірлан (5 Г класс) 🔹 Дінмұханбедқызы Зере (5 Б класс) 🔹 Гайнова Анастасия (5 А класс) 🔹 Каплунова Амалия (5 А класс) 🔹 Ветлугина Алиса (5 В класс) 🔹 Янулис Кира (5 В класс). Этот конкурс стал не только возможностью раскрыть таланты школьников, но и важным шагом к осознанию необходимости бережного отношения к природе. Работы участников вдохновили зрителей и жюри, показав, что забота об окружающей среде – это ответственность каждого из нас.
