Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаратылыстану ғылымдарының онкүндігі./Декада естественно-научных дисциплин.
10
ақпан
2025

Жаратылыстану ғылымдарының онкүндігі./Декада естественно-научных дисциплин.


2025 жылғы 10 ақпанда М. Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде жаратылыстану-ғылыми пәндер онкүндігі аясында 9-сынып оқушыларына арналған «Білім лотереясы» атты танымдық шара өткізілді. Бұл қызықты іс-шара оқушыларға химия, биология, физика, география және экономика пәндері бойынша білімдерін ойын түрінде тексеруге мүмкіндік берді.

Әрбір қатысушы лотерея билетін таңдап, сол билетте жазылған пән бойынша сұраққа немесе тапсырмаға жауап берді. Дұрыс жауап берген оқушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болып, бұл өз кезегінде сайыс рухын арттырып, оқушыларды белсенділік танытуға ынталандырды.

Сұрақтар тек теориялық білімге ғана емес, сондай-ақ логикалық ойлау мен стандартты емес шешім қабылдауды талап ететін тапсырмаларға негізделді. Іс-шара көңілді және еркін атмосферада өтіп, оқушылардың уақыт шектеуінде шапшаң ойлап, тиімді әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етті.

«Білім лотереясы» — жаратылыстану ғылымдарының қызықты, танымдық әрі өмірде пайдалы болатынын дәлелдеген тамаша форматтағы іс-шара болды.


10 февраля в рамках декады естественно-научных дисциплин в школе-лицее № 28 имени М. Маметовой для учащихся 9-х классов была проведена «Лотерея знаний». Это увлекательное мероприятие позволило школьникам в игровой форме проверить свои знания по химии, биологии, физике, географии и экономике. Каждый участник вытягивал лотерейный билет с вопросом или заданием по одной из дисциплин. За правильный ответ ребята получали поощрительные призы, что добавляло игре дух соревнования и мотивацию проявить эрудицию. Вопросы были не только на знание теории, но и с логическими задачами, требующими нестандартного мышления. Мероприятие прошло в весёлой и непринуждённой атмосфере, помогая девятиклассникам не только закрепить знания, но и научиться быстро находить решения и работать в условиях ограничения по времени. «Лотерея знаний» стала отличным способом показать, что естественные науки могут быть увлекательными, познавательными и полезными в жизни!