Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ/Открытый урок
06
ақпан
2025

Ашық сабақ/Открытый урок

6 қаңтар күні М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында 8-сынып оқушылары мен жаратылыстану кафедрасының барлық мұғалімдерінің қатысуымен «Менің Қазақстаным» атты интеграцияланған ойын өтті.

Бұл ойын химия, биология, география, физика және экономика пәндерін біріктіріп, оқушыларға Қазақстанның табиғи, ғылыми және экономикалық ерекшеліктеріне кешенді көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

Сайысқа әрқайсысы 5 адамнан тұратын 5 команда қатысты. Әр команда еліміздің табиғаты мен ресурстарына байланысты түрлі тапсырмаларды орындады. Оқушылар Қазақстанның табиғи байлықтары, экологиялық ерекшеліктері, ғылыми жаңалықтардың экономикаға әсері, сондай-ақ қоршаған ортада жүретін физикалық және химиялық процестер туралы сұрақтарға жауап берді.

Ойын форматы қатысушыларға өз білімдерін тексеріп қана қоймай, топта жұмыс істеуді, логикалық ойлауды және пәнаралық байланыстарды табуды үйренуге көмектесті.

Іс-шара өте белсенді және танымды атмосферада өтті, оқушыларға жаратылыстану пәндерінің туған елді танудағы маңызын және қазіргі қоғамның дамуына қосатын үлесін терең түсінуге жағдай жасады.


6 января в школе-лицее № 28 имени М. Маметовой в рамках декады естественно-научных дисциплин состоялась интегрированная игра «Мой Казахстан», в которой приняли участие ученики 8-х классов и все учителя кафедры естественных наук.Игра объединила сразу пять дисциплин – химию, биологию, географию, физику и экономику, что позволило учащимся комплексно взглянуть на природные, научные и экономические особенности Казахстана. В соревновании участвовало 5 команд по 5 человек, каждая из которых выполняла задания, связанные с разными аспектами природы и ресурсов страны.Ребята отвечали на вопросы о природных богатствах Казахстана, экологических особенностях, влиянии научных открытий на развитие экономики, а также о физических и химических процессах, происходящих в окружающей среде. Формат игры позволил участникам не только проверить свои знания, но и научиться работать в команде, логически рассуждать и находить межпредметные связи.Мероприятие прошло в динамичной и познавательной атмосфере, помогая учащимся лучше осознать важность естественно-научных дисциплин в изучении родной страны и их роль в развитии современного общества