Ашық сабақ "Аңдар”
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында 2022 жылдың бесінші желтоқсанында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мұсахан Ұ.Е. 1 "Г” сыныбымен "Аңдар” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта қойылған мақсатқа жету үшін оқушылармен қызықты тапсырмалар орындалды. Сабақтың барысы: "Көңілді күн” әдісімен сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру үшін оқушылармен ерекше амандасып, сабаққа көңілдерін аударды. Сабақта бірнеше АКТ (Canva, Learning Apps) құралдарын тиімді пайдаланды. Мәселен, "Learning Apps”