Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛАНЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚҰЛШЫНЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ/КАК ПОМОЧЬ РЕБЕНКУ В ФОРМИРОВАНИИ ЖЕЛАНИЯ УЧИТЬСЯ
02
қазан
2023

БАЛАНЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚҰЛШЫНЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ/КАК ПОМОЧЬ РЕБЕНКУ В ФОРМИРОВАНИИ ЖЕЛАНИЯ УЧИТЬСЯ

Егер ересек адамға «Сіз жұмыс істегіңіз келе ме?» деген сұрақ қойылса, көп жағдайда жауаптардың басым бөлігі «Мүмкіндік болса, мен жұмыс істемес едім!» деген ойға саяды.
Неге екені белгісіз, мектептегі оқу барысында бала үнемі жоғары деңгейде білімін, біліктілігін және дағдыларын көрсетіп, жаңа материалды меңгеруге дайын, әлемнің тылсым сырларын тануға ұмтылуы керек деген түсінік қалыптасқан. Ал ересектер баланың оқуға деген құлшынысының төмендегенін байқағанда, көбіне ішкі ашу мен түсінбеушілік сезімін бастан кешіреді.
Себебі ата-аналар баланың бірінші сыныпқа баруды қалай қуанышпен күткенін жақсы еске алады. Алғашқы үй тапсырмасын орындау, алғашқы сыныптық іс-шараға дайындалу, партадағы көршісі туралы әңгімелер қаншама толқу мен үмітке толы еді. Ендеше, баланың оқуға деген ынтасы неге өзгеріп, ол білім алуға ұмтылудан қашқақтай бастайды?
Біріншіден, бала өсіп, есейеді. 9–12 жас аралығындағы психологиялық даму міндеттері оқу мәселелерінен өзгеше сұрақтарды алға қояды. 3–6-сынып оқушылары үшін тұлғааралық қарым-қатынас, айналасындағы әлеммен өзара әрекеттесу тақырыптары әлдеқайда өзекті әрі қызықты. 12–15 жаста жасөспірім өзінің ішкі әлеміне, алғашқы ғашықтық сезіміне көбірек назар аударады. Ал тек 16–18 жаста ғана жас адам оқуға бет бұрады, оның өзінде бұл болашақ мамандықпен байланысты қарастырылады.
Екіншіден, бала әлемі мен ересектер әлемі белгілі бір деңгейде ұқсастырыла бастайды. Оқушы ата-анасының кәсіби өміріне қатысты әрекеттері мен пікірлерін бағалай алады, сондықтан осы көзқарасты өзінің мектеп өміріне де оңай көшіреді. Мысалы, ересектердің күн сайын ерте тұрудың қиындығы, жұмысқа ұзақ жол, басшылықтың қатаң талаптары мен ұжымдағы келіспеушіліктер туралы әңгімелері бала үшін таныс жағымсыз құбылыстармен астасады: ерте тұру, мұғалімнің талаптары, сыныптастар арасындағы кикілжіңдер оған да жақсы таныс.
Ендеше, баланы оқуға қалай қызықтыруға болады? Төменде келтірілген бірнеше қарапайым ереже баланың білім алуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін бұл ережелерді оқудың алғашқы күндерінен бастап үнемі қолдану маңызды.
  1. Баланың мектептегі жетістіктерін ешқашан жалпылама түрде бағаламаңыз.
    («Сенің тапсырманы өте жақсы орындағаныңды мақтан тұтамын!»,
    «Бақылау жұмысынан тек “төрт” алғаныңа мен де қынжылып отырмын. Қай жерде қате кеткенін бірге талдап көрейік».)
  2. Баланың тек бағаларына ғана емес, сыныптастарымен қарым-қатынасына да қызығушылық танытыңыз.
    («Жаңа досың туралы ештеңе айтпадың ғой, білгім келеді»,
    «Білесің бе, мен әлі күнге дейін сыныптастарыммен араласқанды ұнатамын».)
  3. Баланың мектепте алған білімінің өмірде және болашақ мамандықта қажет екенін көрсетіңіз.
    («Егер мен әдебиетті оқымаған болсам, орыс классикасы туралы әңгімеге қатыса алмас едім және өзімді өте ыңғайсыз сезінер едім»,
    «Геометрияға деген қызығушылық маған архитектор ретіндегі жұмысымда қатты көмектеседі».)
  4. Баланың демалыс уақыты мен үй тапсырмасын орындау уақытын дұрыс жоспарлауға көмектесіңіз.
    (Кейде бала үй тапсырмасы мен мектепке деген жағымсыз көзқарасты тек шаршағандықтан қалыптастырады. Дұрыс күн тәртібі бұл мәселені шешуі мүмкін.)
  5. Өз жұмысыңыз туралы әңгімелерде оң жақтарын көбірек атап өтіңіз.
    («Қиындықтар мен әріптеспен келіспеушілікке қарамастан, осы істе өз қабілетімді көрсете алатыныма қуаныштымын»,
    «Тіпті бірсарынды жұмыстың өзінен де қызықты тұстарды табуға тырысамын».)
Бүгінгі мектеп жасына дейінгі баладан ертең «Мен оқығым келеді!» деген сөзді естуді күтіп жүрген барлық ересектерге сәттілік пен сабыр тілейміз.


Если взрослому задать вопрос «Хотите ли вы работать?», то наиболее

вероятно, что большинство ответов сведется к фразе «Если была бы такая

возможность, я бы НЕ работал!»

Почему-то принято считать, что на протяжении школьного обучения

ребенок должен постоянно демонстрировать высокий уровень знаний, умений и

навыков, готовность к усвоению нового материала, стремление к постижению

загадок мироздания. И когда взрослые сталкиваются с детским нежеланием

обучаться, то неизменно испытывают внутреннее раздражение и недоумение.

Ведь родители хорошо помнят, как малыш с радостью предвкушал поступление

в первый класс. Сколько волнений и ожиданий было связано с выполнением

первого домашнего задания, приготовлением к первому классному

мероприятию, рассказами о соседе по парте. Что же меняется в восприятии

ребенка таким образом, что он начинает избегать стремления учиться?

Во-первых, ребенок взрослеет. Психологические задачи возраста 9—12 лет

ставят вопросы, отличные от проблем обучения. Темы межличностного

общения и взаимодействия с миром являются для ученика 3—6-х классов

наиболее актуальными и интересными. В возрасте 12—15 лет подросток

сосредоточен на своем внутреннем мире и состоянии первой влюбленности. 

И только к 16—18 годам молодой человек обращает свой взор на обучение, но и то — уже в контексте будущей профессии.

Во-вторых, происходит своеобразное отождествление мира ребенка и мира

взрослых. Школьник уже способен оценить действия и мнение родителей по

отношению к их профессиональной жизни, а потому легко переносит схожее

отношение на собственную школьную жизнь. Например, ежедневные

обсуждения взрослых о необходимости раннего подъема, долгой дороге на

работу, строгих требованиях начальства и плохих отношениях в трудовом

коллективе воспринимаются ребенком как знакомый негатив: ранний подъем, указания учителя, ссоры одноклассников ему хорошо знакомы.

Так как же заинтересовать ребенка учебой? Ряд небольших правил,

приведенных ниже, позволит повысить желание ребенка учиться. Важно

отметить, что для достижения ожидаемого эффекта правила нужно

использовать постоянно, с момента начала обучения.

1. Никогда не обезличивайте школьные результаты ребенка. («Я горжусь

тем, что ты блестяще справилась с задачей!», «Мне тоже обидно, что за

самостоятельную работу ты получил лишь „четверку". Давай попробуем

проанализировать, что было сделано неверно».)

Интересуйтесь не только школьными оценками ребенка, но и его

отношениями с одноклассниками. («Ты ничего не говорил о своем новом

приятеле. Мне очень интересно узнать», «Знаешь, мне до сих пор приятно

общаться со своими одноклассниками».)

3. Демонстрируйте ребенку связь его школьных знаний с жизненными и

профессиональными задачами. («Если бы я не учила литературу, я не

смогла бы поддержать разговор о русской классике и чувствовала бы себя

крайне глупо», «Интерес к геометрии очень помогает мне в профессии

архитектора».)

4. Помогите ребенку распределить время для отдыха и для выполнения

школьных заданий. (Порой ребенок переносит негатив на домашние

задания и школу только потому, что он устает. Грамотный распорядок дня

способен решить эту проблему.)

5. В рассказах о своей работе усиливайте положительный аспект.

(«Несмотря на проблемы и ссору с коллегой, я рада, что имею

возможность демонстрировать свои способности в этом деле», «Даже в

выполнении рутинной работы я стараюсь найти то, что вызовет мой

интерес».)

Удачи и терпения всем взрослым в ожидании фразы от сегодняшнего

дошкольника: «Я хочу учиться!»