Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Эколог күніне арналған сенбілік/6 июня 2026 года субботник к Дню эколога
06
маусым
2026

Эколог күніне арналған сенбілік/6 июня 2026 года субботник к Дню эколога

2026 жылғы 6 маусымда Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай жалпықалалық сенбілік өткізілді. Іс-шараның мақсаты – экологиялық ахуалды жақсарту, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қала аумағын абаттандыру болды.
Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің ұжымы сенбілікке белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосты. Сенбілік барысында мектеп аумағы, спорт алаңы және гүлзарлар тазартылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ мектеп аумағын көркейту және абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Бірлескен еңбектің нәтижесінде мектеп аумағы бұрынғыдан да таза әрі көрікті бола түсті. Осындай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және туған қала тазалығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Сенбілікке белсене қатысып, азаматтық ұстанымы мен еңбексүйгіштігін танытқан барлық қызметкерлерге мектеп пен қаланың көркеюіне қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!