1 «Б» сынып оқушылары үшін Әскери даңқ мұражайына экскурсия
2025 жылғы 22 сәуірде КГУ «М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінің» 1 «В» сынып оқушылары үшін мектептің Жауынгерлік Даңқ музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Бұл бірінші сынып оқушылары үшін жай ғана экскурсия емес, бұл — жады сабағы, олардың бүгінгі еркін өмірінің қандай бағамен келгенін ұғынуға жасалған алғашқы қадам болды.
Экскурсоводтар оқушыларға мектеп тарихы және оның түлектері — Кеңес Одағының Батырлары: Владимир Засядко, Владимир Бреусов және Маншүк Мәметова туралы әңгімеледі. Балалар бұл батырлардың да осы мектеп парталарында отырып, дәл сол дәліздермен жүргенін, арман қуғанын біліп, таңданыспен әрі мақтанышпен тыңдады.
Мұражайдағы майданнан келген хаттар, фотосуреттер мен жауынгерлік наградаларға қарап, оқушылар тарихтың алыстағы бір дерек емес, өз мектебінен, өз жерлестерінен басталатынын алғаш рет сезінді. Батырлардың ерлігі мен Отанға деген сүйіспеншілігі жас жүректерді тербеп, терең әсер қалдырды.
📌 Жады кішкентай кезден басталуы керек. Өйткені дәл осы кезеңде құрмет, алғыс, жанашырлық және Отанға деген мақтаныш сияқты адамгершілік қасиеттер қалыптасады. Мұндай экскурсиялар тек тарих сабағы емес, жүрек сабағына айналады.
🕊️ Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында біз тек еске алып қана қоймай, бұл жадымызды балаларға — оны болашақта сақтап, жеткізетін ұрпаққа — табыстауымыз керек.
22 апреля 2025 года для учащихся 1 «В» класса КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой», была организована экскурсия в Музей Боевой Славы школы. Для первоклассников это была не просто экскурсия, это был урок памяти, шаг к осознанию того, какой ценой была завоёвана свобода, в которой они сегодня растут. Экскурсоводы рассказали детям об истории школы, о её выпускниках — Героях Советского Союза: Владимире Засядко, Владимире Бреусове и Маншук Маметовой. Ребята с удивлением и гордостью узнавали, что когда-то эти герои сидели за такими же партами, ходили по тем же коридорам, и мечтали, как они.
Вглядываясь в экспонаты, письма с фронта, фотографии и боевые награды, дети впервые прочувствовали, что история — это не что-то далёкое и абстрактное. Это то, что начинается здесь — в их школе, с их земляков, чьи подвиги сегодня вдохновляют, чьё мужество и любовь к Родине не должны быть забыты.
Важно, чтобы память начиналась с малого возраста. Ведь именно тогда закладываются главные человеческие качества — уважение, благодарность, сострадание, гордость за свою страну. Такие экскурсии становятся не только уроком истории, но и уроком сердца.













