Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әскери даңқ мұражайының гидтері/Экскурсоводами музея Боевой Славы
22
сәуір
2025

Әскери даңқ мұражайының гидтері/Экскурсоводами музея Боевой Славы

2025 жылдың 22 сәуірінде М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің 1 «В» сынып оқушылары үшін мектептегі Жауынгерлік Даңқ мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Бұл экскурсия бүлдіршіндер үшін жай ғана саяхат емес, есте қалатын алғашқы естелік, ерлікке тағзым және тәуелсіздік үшін төгілген қан мен тердің құнын сезінудің алғашқы қадамы болды.

Экскурсия барысында оқушыларға мектеп тарихы мен оның түлектері — Кеңес Одағының Батырлары Владимир Засядко, Владимир Бреусов және Маншүк Мәметова туралы әңгіме айтылды. Балалар таңданыспен әрі мақтанышпен тыңдап, бұл батырлардың кезінде дәл осы мектептің парталарында отырғанын, дәл осы дәліздермен жүргенін білді.

Олар мұқият зер салып, майданнан келген хаттармен, жауынгерлік марапаттармен, фотосуреттермен және экспонаттармен танысты. Осы сәтте оқушылар тарихтың алыстағы бір оқиға емес, дәл осы мектеп қабырғасынан басталатынын, өздерімен бір аумақты, бір орынды бөліскен адамдармен байланысты екенін жүректерімен сезінді.

Тарихқа деген құрмет пен естелік кішкентай кезден қалыптасуы тиіс. Себебі дәл осы кезеңде басты адами қасиеттер — құрмет, алғыс, жанашырлық, Отанға деген мақтаныш қалыптасады.

Бұл экскурсия тек тарих сабағы емес, жүрек сабағына айналды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мұндай іс-шаралар — тарихты есте сақтап қана қоймай, оны келер ұрпаққа жеткізудің маңызды жолы.

Бүгін балалар тек мұражай көрмесін көрген жоқ — олар батырлармен үнсіз сұхбат құрды, жадымен байланыс орнатты, жүректеріне отансүйгіштік ұрығын екті.







22 апреля  2025 года для учащихся 1 «В» класса КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой», была организована экскурсия в Музей Боевой Славы школы. Для первоклассников это была не просто экскурсия, это был урок памяти, шаг к осознанию того, какой ценой была завоёвана свобода, в которой они сегодня растут. Экскурсоводы рассказали детям об истории школы, о её выпускниках — Героях Советского Союза: Владимире Засядко, Владимире Бреусове и Маншук Маметовой. Ребята с удивлением и гордостью узнавали, что когда-то эти герои сидели за такими же партами, ходили по тем же коридорам, и мечтали, как они.
Вглядываясь в экспонаты, письма с фронта, фотографии и боевые награды, дети впервые прочувствовали, что история — это не что-то далёкое и абстрактное. Это то, что начинается здесь — в их школе, с их земляков, чьи подвиги сегодня вдохновляют, чьё мужество и любовь к Родине не должны быть забыты.
Важно, чтобы память начиналась с малого возраста. Ведь именно тогда закладываются главные человеческие качества — уважение, благодарность, сострадание, гордость за свою страну. Такие экскурсии становятся не только уроком истории, но и уроком сердца.
И в преддверии 80-летия Великой Победы особенно важно не просто помнить, а передавать эту память детям — тем, кто будет хранить и беречь её дальше