«Global Scholars Project: First Step» қалалық семинары
2025 жылдың тамыз айынан бастап КГУ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейі» «Global Scholars» халықаралық жобасына қатысып келеді.
2025 жылдың 5 желтоқсанында өткен «Global Scholars Project: First Step» қалалық семинары аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сатанова Манзура Мұхтарқызы
“Organizing School Work in the International Project Global Scholars: a Step-by-Step Model” тақырыбында баяндама жасады.
Ол халықаралық Global Scholars бағдарламасындағы мектеп жұмысының кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы бойынша практикалық үлгі ұсынды. Бұл модель оқушылардың ғаламдық ойлауын, цифрлық дағдыларын, мәдениетаралық коммуникациясын және зерттеу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Баяндама барысында келесі мәселелер қарастырылды:
— жобаны мектеп ортасына енгізудің негізгі кезеңдері;
— халықаралық өзара іс-қимылдағы мұғалімнің модератор ретіндегі рөлі;
— оқушы жобаларын және онлайн-коллаборацияларды дамыту тәсілдері;
— отбасы мен мектеп қауымдастығының қолдауының маңыздылығы.
Global Scholars бағдарламасы оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашып, оларды халықаралық білім беру кеңістігінің бір бөлігі болуға, ынтымақтастықта жұмыс істеуге және ғаламдық азамат ретінде ойлауға үйретеді.
Семинар ұйымдастырушыларына тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру тәжірибелерін дамытуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз!
С августа 2025 года КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой» учавствует в международном проекте: «Global Scholars». 5 декабря 2025 года в рамках городского семинара: «Global Scholars Project: First Step» учитель английского Сатанова Манзура Мухтаркызы выступила с докладом “Organizing School Work in the International Project Global Scholars: a Step-by-Step Model”, она представила практическую модель поэтапной организации работы школы в международной программе Global Scholars, которая помогает учащимся развивать глобальное мышление, цифровые навыки, межкультурную коммуникацию и исследовательские способности. В ходе выступления были рассмотрены: — ключевые этапы внедрения проекта в школьную среду; — роль педагога как модератора международного взаимодействия; — способы развития ученических проектов и онлайн-коллабораций; — важность поддержки семьи и школьного сообщества.








