🏅 Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған боччадан республикалық турнир — 2026
Астанада бочча спорт түрінен алғашқы қазақстандық жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған ашық республикалық турнирдің қорытындысы шығарылды.
Жарысқа Қазақстанның 13 өңірінен 120-дан астам параспортшы қатысты. Турнир паралимпиадалық спортты дамытуға және қоғамдағы инклюзия құндылықтарын ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналды.
Біздің мектеп үшін ерекше мақтаныш — «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейі» КММ-нің 6 «Д» сынып оқушысы Мұхан Айсұлтанның осы беделді турнирде II орынға ие болуы. Айсұлтанды тамаша жетістігімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа спорттық жеңістер тілейміз! 👏
Марапаттау рәсімі жаңа Инклюзивті спорт орталығында өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы әрі Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты. Ол Сұлтанбек Орынбасаровтың паралимпиадалық спортты дамытуға қосқан зор үлесін атап өтіп, дәл осы кісі Қазақстанда боччаның дамуының бастауында тұрғанын және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мүмкіндіктеріне алғашқылардың бірі болып сенгенін айтты.
Мұндай турнирлер тек спортты дамытып қана қоймай, қоғамымыздың әділетті, ашық әрі инклюзивті болуына да ықпал етеді. ✨ Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!
🏅 Республиканский турнир по бочча памяти Султанбека Орынбасарова — 2026
В Астане подвели итоги открытого республиканского турнира по бочча, посвящённого памяти первого казахстанского тренера по этому виду спорта — Султанбека Орынбасарова.
В соревнованиях приняли участие более 120 параспортсменов из 13 регионов Казахстана. Турнир стал важной площадкой для развития паралимпийского спорта и продвижения ценностей инклюзии в обществе.
Особой гордостью для нашей школы стало выступление ученика 6 «Д» класса КГУ «Школа-лицей №28 им. М. Маметовой» Мұхана Айсултана, который завоевал II место на этом престижном турнире. Поздравляем Айсултана с отличным результатом и желаем дальнейших спортивных побед! 👏
Церемония награждения прошла в новом Центре инклюзивного спорта. В мероприятии принял участие Спикер Сената Парламента Республики Казахстан и президент Казахстанской федерации бочча Маулен Ашимбаев. Он отметил огромный вклад Султанбека Орынбасарова в развитие паралимпийского спорта и подчеркнул, что именно он стоял у истоков развития бочча в Казахстане, одним из первых поверив в возможности людей с особыми потребностями.
Такие турниры не только развивают спорт, но и делают наше общество более справедливым, открытым и инклюзивным. ✨ Поздравляем всех участников и призёров турнира и желаем новых достижений!https://senate.parlam.kz/ru-RU/news/details/15642

