Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кітапханамен танысу/Знакомство с библиотекой
10
желтоқсан
2021

Кітапханамен танысу/Знакомство с библиотекой

Осы аптада кітапханашы Ақбердинова А.Е. 1 «Д» сыныбы оқушыларын лицейіміздің кітапханасымен таныстырды. Биыл кітапхана толықтай жаңартудан өтті.
Мақсаттары:
  1. Оқушыларға кітапханалық-библиографиялық сауат негіздері бойынша базалық түсініктер беру – «кітапхана», «кітап қоры», «оқу залы».
  2. Мектеп кітапханасында өзін-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру және бекіту.
  3. Балаларға кітаптар әлемінде өздігінен бағдарлануды үйрету – өздеріне кітап таңдауды сұрату.
  4. Тәрбиелік мақсатта балаларды «Кітапханада тәртіп ережелерімен» таныстыру.
Біздің кітапхананың кітап қорының 30%-ы балалар әдебиетінен тұрады. Мұнда бірінші сынып оқушылары көптеген қызықты ертегілерді, танымдық энциклопедияларды, балалар журналдарын және тағы басқаларын таба алады. Кейбір көркем шығармалар үш тілде ұсынылған. Оқушыларға абонемент аймағында жайлы бұрыш жасалған, онда жұмсақ диван мен пуфиктерде сүйікті кітабыңды қолыңа алып отырса болады.
Оқушыларға шынайы оқырман ұстануы керек тәртіп ережелерімен таныстырылды:
Ереже №1. Кітапханада тыныштық сақталуы керек, себебі шу басқа оқырмандарға кедергі болады.
Ереже №2. Кітаптарды уақытында қайтару керек. Себебі оларды басқа оқырмандар күтіп отыр. Біздің кітапханадан кітапты 10 күнге алуға болады.
Ереже №3. Кітапханалық кітаптармен ерекше сақтықпен қарау керек, сонда оларды мүмкіндігінше көп оқушы оқи алады.
Ереже №4. Кітапханалық кітаптарды жоғалтуға болмайды, әйтпесе мектеп кітапханасында бірде-бір кітап қалмайды.
Ереже №5. Кітапханадағы кітаптарды (ашық қолжетімді қордан) дәл алған орнынан қою керек. Әйтпесе кітапханашы басқа оқушыға осы кітапты тез таба алмайды.




На этой неделе библиотекарь Акбердинова А.Е. познакомила учащихся 1 «Д» класса с библиотекой нашего лицея. В этом году в ней была проведена полная модернизация. 
Цели:
1.    Дать учащимся базовые понятия по основам библиотечно-библиографической грамотности (ББГ) – «библиотека», «книжный фонд», «читальный зал».
2.    Сформировать и закрепить первичные навыки самообслуживания в условиях школьной библиотеки.
3.    Прививать умение самостоятельно ориентироваться в мире книг – попросить подобрать себе книгу.
4.    В воспитательных целях ознакомить детей с «Правилами поведения в библиотеке». Книжный фонд нашей библиотеки на 30% состоит из детской литературы. Здесь первоклассники могут найти много интересных сказок, познавательных энциклопедии, детских журналов и многое другое. Некоторые из художественных произведении представлены на трех языках. Для учеников оборудован уютный уголок в зоне абонемента, где можно посидеть на мягком диване и пуфиках с любимой книгой в руках. 
Учащихся познакомили с правилами поведения, которые должен соблюдать настоящий читатель:
Правило № 1. В библиотеке надо вести себя тихо, т.к. шум мешает другим читателям.
Правило № 2. Книги надо возвращать вовремя. Ведь их ждут другие читателя. В нашей библиотеке книгу можно взять на 10 дней.
Правило № 3. С библиотечными книгами надо обращаться особенно бережно, чтобы их смогли прочесть как можно больше ребят.
Правило № 4. Библиотечные книги нельзя терять, иначе в школьной библиотеке не останется ни одной книги.
Правило № 5. Книги в библиотеке (из фонда открытого доступа) надо ставить точно на то место, где вы их взяли. Иначе библиотекарь не сможет быстро найти эту книгу для другого ученика.