Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқитын мектеп» стенді/Стенд «Читающая школа»
12
наурыз
2021

«Оқитын мектеп» стенді/Стенд «Читающая школа»

Баланың оқырман ретінде қалыптасуы мектеп кітапханасының, мұғалімдердің және ата-аналардың баланың өміріне ең ерте жастан бастап белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Олар оқуға деген қызығушылықты арттыратын ынталандырушы рөл атқаруы тиіс, өйткені қазіргі заманда толыққанды оқырман болуға балалық шақта үлгеру қажет, әйтпесе өмір оған уақыт қалдырмауы мүмкін. Сондықтан балаларға оқуды жан-жақты дамытуға мүмкіндік беріп, кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға көмектесу қажет. Себебі бұл – сауаттылыққа және өмір бойы білім алуға апаратын алғашқы баспалдақ. Балаларға оқудан алуға болатын жағымды дүниелердің қаншалықты көп екенін түсінуге көмектесу маңызды.
Оқушылардың оқырмандық мәдениетін арттыру, олардың оқу белсенділігін күшейту және кітап оқуды насихаттауға жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасын іске қосты. Жоба аясында М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру барысы туралы ақпараттық стенд рәсімделді.
«Оқитын мектеп – оқитын ұлт» – бұл кітап оқуға, ғылымды тануға және оқуға деген қызығушылықты арттыруға шақыру. Ұлы Абай «Қара сөздер» еңбегінде (отыз екінші сөзінен үзінді) былай деп жазады:
«Ғылымды меңгеруге ұмтылған адам мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуі тиіс. Біріншіден, білімді пайда табу үшін емес, оны сүю үшін іздеу керек. Ғылыммен айналысу үшін ең алдымен оны жақсы көру, оған ынта қою қажет. Егер сен білімді ең жоғары игілік деп бағаласаң, жаңа ақиқаттарды ашу жаныңе тыныштық пен қанағат сыйлайды. Өзің үшін жаңа болған нәрсені берік есте сақта, сонда ізденіске деген құштарлық, ғылымға деген сүйіспеншілік пайда болады, ал жадың көргенің мен естігеніңді жақсы меңгеріп, сақтайды…».


Становление ребенка как читателя не может проходить без активного участия школьной библиотеки, учителей и родителей в жизни ребенка с самого раннего возраста. Они должны играть роль стимулятора интереса к чтению, поскольку в наш век полноценным читателям надо успеть стать в детстве, иначе жизнь может не оставить для этого времени.  Необходимо предоставить возможность детям всеми путями развивать свое чтение и помочь сформировать любовь к книгам. Ведь это - первая ступень к грамотности и обучению на протяжении всей жизни. Необходимо помочь детям понять огромное количество приятных вещей, которые можно получить от чтения. 
С целью повышения уровня читательской культуры обучающихся, роста их читательской активности и создания условии для популяризации чтения Министерством образования и науки РК был запущен проект «Читающая школа – читающая нация». В рамках проекта в школе-лицей №28 им. М.Маметовой было организовано оформление информационного стенда о ходе работы по реализации проекта «Читающая школа – читающая нация».  
«Читающая школа – читающая нация»   – это призыв к чтению книг, к познанию наук и к повышению читательского интереса. Великий Абай в своем произведении «Слова назидания» писал (отрывок из тридцать второго слова): «Тем, кто стремится усвоить науку, необходимо знать условия, без которых невозможно достичь цели. Во-первых, обретая знания, не ставь себе задачи получить через них какую-нибудь выгоду. Чтобы заняться наукой, прежде всего нужно полюбить ее, иметь стремление к ней. Если ты ценишь знания как высшее благо, каждое открытие новых истин принесет твоей душе покой и удовлетворение. Крепко запоминай то, что ново для тебя, тогда появится стремление к поиску, любовь к науке, память хорошо усвоит и запечатлеет в себе то, что ты видел и слышал…».