Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жер, адамға тағзым ет!» эссе байқауы: О. Сүлейменов мұрасын терең пайымдау
24
сәуір
2026

«Жер, адамға тағзым ет!» эссе байқауы: О. Сүлейменов мұрасын терең пайымдау

24 сәуір күні М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде ауқымды «Олжас Сүлейменов әлемі» айлық іс-шаралары аясында, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткерінің 90 жылдық мерейтойына орай маңызды интеллектуалдық шара — «Жер, адамға тағзым ет!» тақырыбындағы мектепішілік эссе және шығарма байқауы өтті.

Іс-шараны орыс тілі мен қазақ тілі кафедраларының мұғалімдері бірлесе ұйымдастырып, мерейтой иесінің мұрасын терең филологиялық және философиялық тұрғыда талдауға бағыттады.

Оқушылар өз шығармаларында әйгілі поэманың гуманистік мазмұны туралы жан-жақты ой толғап, оны бір дәуірдің символына айналдырған идеяларды ашып көрсетті.

Шығармашылық жұмыстар адамзаттың Ғаламдағы орны, Жер алдындағы жауапкершілігі және тарихи жадыны сақтау маңыздылығы туралы терең философиялық ойлармен толықты. Бұл мәселелерді Олжас Омарұлы әрдайым өз шығармаларында көтеріп отырған.

Байқауға қатысушылар екі тілде «Жер, адамға тағзым ет!» ұраны үстемдік туралы манифест емес, керісінше адамзаттың жасампаз рухы мен ой-санасының гимні екенін атап өтті.

Бұл байқау тек әдеби қабілеті жоғары оқушыларды анықтап қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын да айқын көрсетті: планеталық деңгейдегі ақынның идеялары қазіргі жастардың жүрегінде жаңғырып, оларды терең мазмұнды, отансүйгіштікке толы шығармалар жазуға және әлемді тануға ұмтылуға шабыттандырып келеді.

24 апреля в школе-лицее № 28 им. М. Маметовой в рамках масштабного месячника «Мир Олжаса Сулейменова», приуроченного к празднованию 90-летия выдающегося поэта и общественного деятеля, состоялось значимое интеллектуальное событие — общешкольный конкурс эссе и сочинений на тему «Земля, поклонись человеку!». Организаторами мероприятия выступили учителя кафедр русского и казахского языков, объединив усилия для глубокого филологического и философского анализа наследия юбиляра. В своих работах учащиеся представили многогранные размышления о гуманистическом пафосе знаменитой поэмы, ставшей символом целой эпохи. Творческие работы школьников были наполнены личными переживаниями и серьезными философскими выводами о месте человека во Вселенной, о его ответственности перед планетой и о важности сохранения исторической памяти, к которой всегда призывал Олжас Омарович. Участники конкурса на двух языках рассуждали о том, что призыв «Земля, поклонись человеку!» — это не манифест превосходства, а гимн созидательному разуму и человеческому духу. Конкурс позволил не только выявить литературно одаренных учеников, но и продемонстрировал преемственность поколений: идеи поэта планетарного масштаба продолжают жить и находить живой отклик в сердцах современной молодежи, вдохновляя их на создание глубоких текстов, пронизанных патриотизмом и искренним стремлением к познанию мира.