27
ақпан
2026
Оқу сауаттылығы
27 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кешубаева А.Б. "Оқу сауаттылығы" апталығына сәйкес мектебімізде 9-11 сыныптар арасында поэтикалық сайыс өтті 📚Оқушылар мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын көрсетті, заманауи айтыста кітап пен телефонның маңызын салыстырды, ал «Сөздің күші» атты сахналық көрініс арқылы қоғамдағы сөздің әсерін терең жеткізді.
Кітап пен технологияның орнын ұғындырған әсерлі айтыс, жүрекке жеткен монологтар, шынайы эмоция — бәрі бір мақсатқа тоғысты: сөз қадірін түсіну, білімді болу, рухты биік ұстау.
Поэзия – ойдың айнасы,
Сөз – тағдырдың таразысы.
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! 🌿
Шабыттарыңыз шалқып, білімге деген құштарлықтарыңыз арта берсін!














