Гуманитарлық ғылымдар оқытушыларының әдіснамалық бөлімінің отырысы/Заседание методической кафедры учителей гуманитарного цикла
2024 жылғы 28 қазанда М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде гуманитарлық пәндер кафедрасының әдістемелік отырысы өтті. Кафедра меңгерушісі Сатанова Манзура Мұхтарқызының жетекшілігімен өткен бұл маңызды кездесуде педагогтердің жұмысындағы негізгі мәселелер мен жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру жайы талқыланды.
Кездесудің басты назарында жас мұғалімдерді оқыту мәселесі тұрды. Отырыс барысында бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырмаларын әзірлеу әдістері жан-жақты қарастырылды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ибраимова Құралай Құдайбергенқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, сәтті жоспарлар мен бағалау жұмыстарынан мысалдар келтіріп, олардың құрылымын жасау бойынша пайдалы ұсыныстар берді.
Сондай-ақ қысқа мерзімді жоспарларды (ҚМЖ) сауатты құрастырудың маңыздылығы атап өтілді. Мұғалімдерге сабақ мақсаты мен міндетін нақты айқындауға, оқу процесін жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тиімді жоспарлау үлгілері ұсынылды.
Дарынды оқушылармен жұмыс та маңызды тақырыптардың бірі болды. Педагогтер қабілетті балаларды анықтау және қолдау, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау тәжірибесімен бөлісті. Қосымша сабақтар өткізу, олимпиадалар мен байқауларға қатысу ұсыныстары айтылды.
Сонымен қатар, үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсету стратегиялары талқыланды. Мұғалімдер жеке тәсілдің маңызын және білімдегі олқылықтарды жоюға бағытталған түзету бағдарламаларын әзірлеу қажеттігін атап өтті. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығы да ерекше айтылды.
Отырыста мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, тиімді әдістемелермен бөлісіп, пікір алмасты. Жиын нәтижелі әрі мазмұнды өтті.
28 октября в школе-лицее № 28 им. М.Маметовой состоялось важное заседание методической кафедры учителей гуманитарного цикла под руководством заведующей кафедрой Сатановой Манзуры Мухтаровны. Встреча была посвящена обсуждению ключевых аспектов работы педагогов, а также вопросам повышения профессиональной компетентности молодых специалистов. Особое внимание было уделено обучению начинающих учителей. В ходе заседания подробно рассматривались методы составления суммативных оцениваний за раздел (СОР) и четверть (СОЧ), своим опытом поделилась учитель английского языка Ибраимова Куралай Кудайбергеновна. Присутствующим были представлены примеры успешных планов и проверочных работ, а также даны рекомендации по их структурированию. Педагоги обсудили важность грамотного составления краткосрочных планов уроков (КСП), которые обеспечивают последовательность и логичность образовательного процесса. Были предложены эффективные модели планирования, которые позволяют учителю четко определить цели и задачи урока, а также организовать работу учащихся. Важной темой стала работа с одаренными учениками. Учителя обменялись опытом по выявлению и поддержке талантливых детей, а также по созданию условий для их всестороннего развития. Были предложены идеи проведения дополнительных занятий и участия в конкурсах и олимпиадах. В ходе заседания также обсуждались стратегии помощи слабоуспевающим ученикам. Участники отметили важность индивидуального подхода и разработки коррекционных программ, которые помогают преодолевать трудности в обучении. Учителя поделились примерами работы с такими учащимися и подчеркнули значимость регулярного взаимодействия с родителями. Заседание прошло в продуктивной атмосфере, педагоги активно обменивались мнениями и делились лучшими практиками.

