Сынып сағат/Классный час




2024 жылғы 14 қазанда №28 М. Мәметова атындағы КМГ мектеп-лицейінде «Қауіпсіздік ережелері», «Жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ)», «Тәуелсіздік пен патриотизм», «Әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» тақырыптарында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты:
Қауіпсіз мінез-құлық ережелерін тереңдету және қайталау;
Балаларды күнделікті өмірдегі қауіп-қатерлер туралы ақпараттандыру;
Тез шешім қабылдауға және жағдайларды дұрыс бағалауға үйрету;
Негізгі жол белгілерін, олардың мағынасын түсіндіру және көшеден қауіпсіз өту ережелерін үйрету;
Патриотизмді күнделікті өмірде қалай көрсетуге болатыны жайлы пікір алмасу: өз қаламызға қамқорлық жасаудан бастап, жергілікті бастамаларды қолдауға дейін;
Еңбектің адамның және қоғамның өміріндегі маңыздылығын ашу (қабілеттерді дамыту, өзгелердің оған қарым-қатынасы, өзін-өзі сыйлау);
Оқушыларды еңбекқорлыққа, білімге адал қарауға және қоғамдық міндеттерді орындауға тәрбиелеу;
Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерімен таныстыру, оның поэзиясын оқу; Қазақстан тарихына қызығушылықты арттыру және рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
На классном часу были поставлены такие цели как:
- Углублять и повторять знания о правилах безопасного поведения;
- Показать, какие опасности подстерегают детей в повседневной жизни;
- Научить быстро ориентироваться в ситуациях и принимать рациональные решения.
-Основные знаки и их значение и как безопасно переходить улицу;
-Поделиться мнениями о том, как можем проявлять патриотизм в повседневной жизни: от заботы о своем городе до поддержки местных инициатив.
-Раскрыть значение труда в жизни, как каждого человека, так и всего общества (развития способностей, отношения к нему других людей, самоуважения).
-Воспитание воспитанников учению, добросовестного отношения к обучению и выполнения общественных поручений.
-Знакомство с выдающимся деятелем казахской литературы, его поэзией; развитие познавательных интересов в области истории Казахстана; воспитание нравственности.