Сынып сағат/Классный час
📚 М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде «Қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатында келесі тақырыптар қамтылды:
– Тәуелсіздік пен патриотизм,
– Лудомания (құмар ойындарға тәуелділік),
– Құқықтық білім негіздері,
– Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл.
📌 Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары түгел қамтылды.
🔒 «Қауіпсіздік ережелері» тақырыбындағы сынып сағатының мақсаты – оқушылардың өмірдің түрлі салаларындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, ел тәуелсіздігіне деген құрмет пен патриоттық сезім қалыптастыру, лудомания мәселесі жөнінде түсінік беру, құқықтық біліммен таныстыру.
📖 Сонымен қатар, балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығымен таныстыру оқушылардың әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Бұл сынып сағаты – оқушылардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін тәрбиелік маңызы зор іс-шара болды.
В КГУ «Школа-лицей №28 им. М.Маметовой» прошел классный час на тему "Правила безопасности". Темы включали независимость и патриотизм, лудоманию, правовой всеобуч, а также 100 лет со дня рождения детского писателя Бердибека Сокпакбаева. Мероприятие охватило учащихся 1-11 классов.Цель классного часа на тему "Правила безопасности" — повысить осведомленность учащихся о важности соблюдения правил безопасности в различных сферах жизни, развить чувство патриотизма и уважения к независимости страны, а также информировать о проблемах лудомании и правовых основах. Кроме того, мероприятие направлено на ознакомление с наследием детского писателя Бердибека Сокпакбаева, что способствует развитию интереса к литературе и культуре.



