06
қазан
2024
«АЭС бойынша референдум»/«Референдум по запросу АЭС»



6 қазан күні Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы референдум өтеді. 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. АЭС туралы референдумдағы дауыс беру бюллетенінде қазақстандықтарға бір сұрақ қойылады: «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» Екі жауап нұсқасы бар: «Иә, келісемін» немесе «Жоқ, келіспеймін». Сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін КММ «М.Мәметованың атындағы №28 мектеп-лицей» мекенжайындағы №358 сайлау учаскесі өз есігін ашты. Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен сайлаушылар үшін музыкант, композитор, педагог әрі жас джазшылардың ұстазы Тағир Михайлович Зарипов басқаруындағы «Almaty Youth Jazz Band» концерті ұйымдастырылды. Сайлаушылар белсенді, отбасымен бірге келіп дауыс береді, мысалы, театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сергей Размикович Погосян әкесімен бірге сайлау учаскесіне келді. Барлық азаматтарды өз азаматтық борыштарын орындап, сайлау учаскелеріне барып дауыс беруге шақырамыз. 6 октября в Казахстане проходит референдум по вопросу строительства атомной электростанции. 2 сентября Президент Касым-Жомарт Токаев подписал указ о проведении референдума по вопросу строительства АЭС в Казахстане. В бюллетене для голосования на референдуме по АЭС казахстанцам предложат ответить на один вопрос: "Согласны ли вы со строительством атомной электростанции в Казахстане?" Вариантов ответа два: "Да, согласен (-на)" или "Нет, не согласен (-на)". С 7.00 до 20.00 свои двери открыл Избирательный участок №358 расположенный в КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой». При поддержке акимата Медеуского района для избирателей был организован концерт «Almaty Youth Jazz Band», под руководством Тагира Михайловича Зарипова - музыканта, композитора, преподавателя и наставника юных джазменов. Избиратели активны, приходят голосовать семьями, так Сергей Размикович Погосян - популярный актер театра и кино, заслуженный деятель Казахстана, лауреат Госпремии РК, пришел на участок вместе со своим отцом. Призываем всех граждан выполнить свой гражданский долг, прийти на свои участки и отдать свой голос.