«Айболит» театрландырылған қойылымы
Балалармен театрға бару – әрдайым ерекше әсер мен толқынысқа толы ерекше тәжірибе. Әсіресе афишада Корней Чуковскийдің әйгілі «Айболит» шығармасының жаңартылған нұсқасы болғанда. Бұл классикалық туындының заманауи қойылымында оның қайталанбас тартымын сақтай отырып, жас көрерменнің назарын аудару үшін жаңа реңктер қосу өте маңызды.
2024 жылғы 20 наурызда Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушылары Габит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында қойылған спектакльді тамашалап, үлкен қуаныш пен қызығушылыққа бөленді.
Айта кету керек, театр – бұл тек сахна мен әртістер ғана емес, сонымен қатар залда орнаған ерекше атмосфера. Бұл қойылым кезінде ол нағыз сиқырлы болды. Қойылымды тағатсыздана күткен балалар толқу мен қуаныштан көздері жайнап тұрды. Ал қойылым басталысымен-ақ, оларды бірден баурап алып, назарын толық өзіне аударды.
Мұндай іс-шаралар балалар үшін тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні зор, маңызды құндылықтарды ұғынуға және өзгелерге жанашырлық таныта білуге үйретеді.








