Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ «Шегіртке мен құмырсқа»/Открытый урок «Стрекоза и муравей»
12
наурыз
2021

Ашық сабақ «Шегіртке мен құмырсқа»/Открытый урок «Стрекоза и муравей»

Бастауыш сынып мұғалімдері онкүндігі аясында және «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2 «Б» сыныбында «И.А. Крыловтың “Шегіртке мен Құмырсқа” мысалы бойынша спектакль туралы хабарландыру құрастыру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Абросимова И.В. өткізді.
Мақсаты: театрландырылған іс-әрекет арқылы оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ сәтті өтті. Сабақ барысында PowerPoint бағдарламасында дайындалған электронды презентация, көрнекі құралдар мен спектакльге арналған декорациялар қолданылды. Декорацияларды дайындауға оқушылардың ата-аналары көмектесті. Балалар мен ата-аналарды кітап оқуға тарту бағытындағы жұмысында Ирина Викторовна әдебиеттік оқу сабақтарында театрландырылған әрекетті кеңінен қолданады. Бұл әдіс балалардың жаңа әдеби шығармалармен танысуға, жаңа ертегіні «өмір сүріп көруге» деген қызығушылығын оятады.
«Менің балаларым сезінген және бастан кешірген барлық әсерлері олардың жүректерінде мен ойларында ұзақ сақталады деп үміттенемін, себебі театр – сезімдерді, толғаныстарды, эмоциялық жауаптарды дамытудың сарқылмас көзі екенін бәріміз білеміз. Баланың әдеби тәжірибесін театрлық әрекетке енгізу көркем әдебиетті қабылдауға деген қызығушылықты қалыптастырады, ал болашақта – өз бетінше кітап оқуға жетелейді. Сондықтан менің мақсатым – театрландырылған іс-әрекет арқылы оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру», – дейді Абросимова Ирина Викторовна.
Осы мақсатқа жету үшін И.А. Крыловтың «Шегіртке мен Құмырсқа» мысалы пайдаланылды. Оқушылар Құмырсқаның сөзі арқылы автор адамдарды жалқаулық, қамсыздық және жеңілтектік үшін сынайтыны туралы қорытындыға келді. Сонымен қатар мынадай тұжырым жасалды: «Біз өмірде табысқа жетуді қалаған адам көп оқитынын түсіндік».


В рамках декады учителей начальных классов и в целях реализации проекта «Читающая школа – читающая нация» во 2 «Б» классе прошел открытый урок на тему: “Составление объявления о спектакле И.А. Крылов «Стрекоза и Муравей»”.  Урок провела учитель начальных классов Абросимова И.В.
Цель: прививать интерес учащихся к художественной литературе через театрализованную деятельность.
Урок прошёл успешно. На уроке использовалась электронная презентация, выполненная в PowerPoint, наглядные пособия и декорации к спектаклю, которые помогли сделать родители учащихся. В работе по приобщению детей и родителей к чтению книг Ирина Викторовна использует театральную деятельность на уроках литературного чтения, которая пробуждает в детях желание познакомиться с новыми литературными произведениями, прожить новую сказку. 
«Я надеюсь, все что проживают и чувствуют мои дети, останется в их сердцах и умах надолго, т.к. все мы знаем, что театр является неисчерпаемым источником развития чувств, переживаний, эмоциональных откликов. Я считаю, что включение литературного опыта ребенка в театральную деятельность, позволяет привить интерес к восприятию художественной литературы, а в дальнейшем - к самостоятельному чтению. Именно поэтому моя цель: прививать интерес учащихся к художественной литературе через театрализованную деятельность» - говорит Абросимова Ирина Викторовна. 
Для достижения данной цели использовалась басня И.А.Крылова «Стрекоза и Муравей». Ребята пришли к мнению что, устами Муравья автор укоряет людей за лень, беззаботность, легкомыслие. И сделали такой вывод: «Мы поняли, кто хочет добиться жизненного успеха, тот много читает».