Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
наурыз
2026

Наурыз құтты болсын!

Дәстүр бойынша үшінші тоқсанның соңында, шуақты әрі жүрекке жылу сыйлайтын Наурыз мейрамы қарсаңында КММ «М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде» ерекше, шынайылық пен бірлік атмосферасына толы концерт өтті ✨
Бұл мереке — жаңару, мейірімділік пен жаңа өмірдің бастауы. Осындай құндылықтар мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мен қазақ тілі пәні мұғалімдері кафедрасы бірлесіп дайындаған іс-шараның әр сәтінен сезіліп тұрды 🌿
Ұжым мен оқушыларды мектеп директоры Медетбекова Айсулу Темірғалиқызы құттықтап, ізгі тілегін білдірді:
«Наурыз — тек табиғаттың ғана емес, адам жүрегінің де жаңаратын шағы. Әр шаңырақта бейбітшілік, татулық пен мейірім салтанат құрсын. Әрдайым бір-бірімізге қолдау көрсетіп, балаларымыздың жарқын болашағын бірге қалыптастырайық».
Концерт ұлттық мәдениеттің байлығын айқын көрсетті: күйлер шырқалып, жүрекке жететін әндер орындалып, әсем билер биленді, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер сахналанып, ата-бабамыздан қалған рухани құндылықтарымыз дәріптелді 🇰🇿
Бұл күн барлық қатысушыларға жылулық, қуаныш және үлкен, тату отбасының бір бөлігі екендігін сезіндірді ❤️
Наурыз құтты болсын! Әр адамның өмірі нұрға, мейірім мен бақытқа толы болсын 🌸
Традиционно в конце 3 четверти, в преддверии светлого, тёплого праздника Наурыз в КГУ «Школа-лицей №28 им. М. Маметовой» состоялся особенный концерт, наполненный душевностью, искренностью и атмосферой единства. ✨ Этот праздник — о возрождении, о доброте, о начале новой жизни. И именно такие ценности ощущались в каждом моменте мероприятия, подготовленного школьным самоуправлением совместно с кафедрой учителей казахского языка. 🌿 Со словами поздравления к коллегам и учащимся обратилась директор школы Медетбекова Айсулу Темиргалиевна:
 «Наурыз — это время, когда обновляется не только природа, но и наши сердца. Пусть в каждом доме царят мир, согласие и добро. Пусть мы всегда поддерживаем друг друга и вместе создаём светлое будущее для наших детей». Концерт стал настоящим отражением богатства национальной культуры: звучали кюи, проникновенные песни находили отклик в сердцах, а красивые танцы и показанные национальные обряды напомнили о наших корнях, традициях и духовных ценностях 🇰🇿. Этот день подарил всем присутствующим тепло, радость и ощущение большой, дружной семьи ❤️ 
Наурыз құтты болсын! Пусть в жизни каждого будет больше света, добра и счастья.