Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын» онлайн-байқауы басталды
17
шілде
2025

«Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын» онлайн-байқауы басталды

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 2025 жылғы 16 шілде мен 20 тамыз аралығында Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын» атты республикалық онлайн-байқау өтуде. Байқаудың мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықты саналы түрде таңдауды насихаттау, техникалық және кәсіптік білімге оң көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ болашақты саналы жоспарлауға бағыт беру.
Байқау колледжге түсетін талапкерлерге, яғни 9 және 11 сынып түлектеріне, 1 курс студенттеріне, сондай-ақ жастардың кәсіби бағдарлануында маңызды рөл атқаратын олардың ата-аналарына, ұстаздар мен тәлімгерлерге арналған.
Ол үшін қатысушы ұзақтығы 60 секундқа дейінгі қысқаша вертикалды бейнеролик түсіруі қажет. Бейнеролик қазақ немесе орыс тілінде түсірілуі мүмкін және онда қатысушы өз мамандығын не себепті таңдағанын, бұл шешімге не түрткі болғанын және алдағы кәсіби мақсаттарын айтып беруі тиіс. Роликте қатысушының аты-жөні, қаласы мен колледжі, таңдаған мамандығы көрсетілуі керек. Міндетті талап – бейнероликте 2025 жылғы Жұмысшы мамандықтар жылының логотипін қолдану. Видео әлеуметтік желілерде #МенЖұмысшыМамандығынТаңдаймын #ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025 ресми хэштегтермен және ұйымдастырушылардың аккаунттарын: @godrp @oqu_agartu_ministrligi, Tik Tok: @mamanfest.kz белгілей отырып жарияланады.
Байқау аясында әртүрлі номинациялар мен естелік сыйлықтар қарастырылған. Ең үздік видеороликтер ведомствоның ресми ресурстарында кең аудиторияға ұсынылады.


По инициативе Министерства просвещения с 16 июля по 20 августа 2025 года в рамках Года рабочих профессий в Казахстане проходит республиканский онлайн-конкурс «Я выбираю рабочую профессию». Его цель — повысить осознанность среди молодежи при выборе рабочих специальностей, сформировать положительное отношение к техническому и профессиональному образованию, а также вдохновить на осознанный выбор будущего через реальные истории студентов.
Конкурс ориентирован на абитуриентов колледжей — выпускников 9-х и 11-х классов, студентов первого курса, а также родителей, педагогов и наставников, которые играют ключевую роль в профориентации молодежи.
Для участия необходимо записать короткое вертикальное видео (до 60 секунд) на русском или казахском языке, в котором участник делится своим выбором профессии, рассказывает, что вдохновило его на этот путь и какие цели он ставит перед собой. В ролике должно быть указано имя участника, город или колледж, а также выбранная специальность. Обязательное условие — использование логотипа Года рабочих профессий-2025.Видео размещается в социальных сетях с официальными хэштегами #ГодРабочихПрофессий2025 #ЯВыбираюРабочуюПрофессию и отметкой аккаунтов организаторов: @godrp @oqu_agartu_ministrligi, Tik Tok: @mamanfest.kz.
В рамках конкурса предусмотрены номинации и памятные подарки. Лучшие видеоработы будут представлены на широкую аудиторию через официальные ресурсы ведомства.