«Бақытты отбасы» орталығында кәсіптер жәрмеңкесі
2025 жылдың 17 сәуірінде кәсіби бағдар беру жұмыстары және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары Медеу аудандық "Бақытты отбасы" орталығында өткен мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейту, әсіресе қазіргі қоғамда жұмысшы және қолданбалы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру болды.
Жәрмеңке барысында оқушылар түрлі бағыттармен танысып, мамандарға қызықтырған сұрақтарын қойып, әр мамандықтың ерекшелігі мен қыр-сыры туралы нақты жауаптар алды.
Әңгіме барысында олар сұранысқа ие жұмысшы кәсіптер, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сондай-ақ қала колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алу жолдары туралы құнды ақпаратқа қанықты.
Кездесу жылы, танымдық атмосферада өтті және оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Мұндай іс-шаралар жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағытын айқындауға, саналы әрі ақпаратты таңдау жасауына көмектеседі.
Бұл – болашаққа жасалған маңызды қадам.


