Бастауыш сыныптар онкүндігі/Декады начальных классов
2025 жылғы 3 наурызда М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде бастауыш сыныптар декадасының салтанатты ашылуы өтті, бұл шара білім, шығармашылық пен шабыт мерекесіне айналды.
Іс-шара жарқын әрі тартымды форматта ұйымдастырылды. Кіші оқушылар өлеңдерді үлкен ынтамен оқып, өздерінің көркемдік шеберлігі мен артистизмін көрсетті. Сонымен қатар, балаларды тапқырлықтарын, эрудицияларын және әртүрлі пәндер бойынша білімдерін паш ететін қызықты викториналар күтті.
Мерекенің атмосферасы, балалардың қуанышты күлкілері мен жігерлілігі бұл күнді ұмытылмас етті. Декада енді ғана басталып отыр, ал алда оқушыларды көптеген қызықты іс-шаралар күтіп тұр!
Ұстаздарға және ұйымдастырушыларға тамаша бастау үшін және оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлестері үшін алғысымыз шексіз!
3 марта в школе-лицее № 28 им. М. Маметовой состоялось торжественное открытие декады начальных классов, которое стало настоящим праздником знаний, творчества и вдохновения. Мероприятие прошло в яркой и увлекательной форме. Юные ученики с воодушевлением читали стихи, демонстрируя свою выразительность и артистизм. Также ребят ждали увлекательные викторины, где они смогли проявить смекалку, эрудицию и знания по разным предметам. Атмосфера праздника, радостные улыбки и азарт учеников сделали этот день незабываемым. Декада только началась, и впереди школьников ждёт ещё множество интересных мероприятий! Спасибо учителям и организаторам за великолепное начало и за вклад в развитие любознательности и творческих способностей учащихся!