Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаратылыстану ғылымдарының онкүндігі./Декада естественно-научных дисциплин.
30
қаңтар
2025

Жаратылыстану ғылымдарының онкүндігі./Декада естественно-научных дисциплин.

2025 жылғы 7 ақпан күні №28 М. Маметова атындағы мектеп-лицейінің 7 «Д» сыныбында жаратылыстану пәндері мұғалімдер кафедрасының онкүндігі аясында «Архимед заңы» тақырыбында сабақ өтті. Сабақты Жангунусов Б.Н. жүргізді. Сабақ теориялық біліммен қатар практикалық бөлікті де қамтыды, бұл оқушыларға Архимед заңының жұмыс принципін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Сабақ барысында Архимед күші сұйықтыққа батырылған денеге қалай әсер ететінін көрнекі түрде түсіндіретін тәжірибелер көрсетілді. Оқушылар бұл тәжірибелерге белсенді қатысып, физикалық құбылыстарды зерттеудің шынайы атмосферасын сезінді.

Сабақта пәнаралық байланысқа ерекше назар аударылды. Оқушылар физиканың математикамен (Архимед заңын қолдана отырып есептер шығару кезінде) және химиямен (әртүрлі заттардың тығыздығы мен қасиеттерін зерттеу кезінде) тығыз байланыста екенін байқады. Сонымен қатар, өмірмен байланыс орнатылды: оқушылар Архимед заңының кеме, әуе шары және түрлі суасты аппараттарының жұмысын қалай түсіндіретінін талқылады.

Мұғалім Жангунусов Б.Н. теорияны күнделікті өмірмен ұштастыра отырып, оқушылардың зерттелетін құбылыстарға деген қызығушылығын арттырып, олардың маңыздылығын түсінуге жол ашты. Сабақ барысында әр оқушы тек білім алып қана қоймай, оны практикада қолдану мүмкіндігіне де ие болды.

Сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылар мен бақылаушы әріптестерде оң әсер қалдырды.


7 февраля 2025 года в 7Д классе в рамках Декады кафедры учителей естественно-научных дисциплин прошел урок «Закон Архимеда», учитель Жангунусов Б.Н., урок сочетал в себе не только теоретические знания, но и практическую составляющую, что позволило учащимся глубже понять принцип работы закона Архимеда.
Во время урока были продемонстрированы наглядные опыты, которые помогли визуализировать основные положения закона, касающиеся силы Архимеда, действующей на погружённое в жидкость тело. Учащиеся активно участвовали в этих экспериментах, что создавало живую атмосферу исследования и взаимодействия с реальными физическими явлениями.
Особое внимание было уделено межпредметным связям. Учащиеся смогли увидеть, как физика тесно переплетается с другими науками, такими как математика (при решении задач с использованием формулы закона Архимеда) и химия (при изучении плотности различных веществ и их свойств). Кроме того, был установлен прочный контакт с реальной жизнью: учащиеся обсуждали, как закон Архимеда объясняет принцип работы таких вещей, как корабли, воздушные шары и даже различные виды подводных аппаратов. Учитель Б.Н. Жангунусов сумел не только теоретически объяснить материал, но и связать его с повседневной жизнью, что способствовало развитию у учеников интереса и понимания важности изучаемых явлений. Учебный процесс на уроке был построен так, чтобы каждый ученик имел возможность не только получить знания, но и применить их на практике, решая задачи, связанные с законом Архимеда.
Урок прошёл на высоком уровне, оставив положительное впечатление как у учащихся, так и у наблюдавших за процессом коллег.