Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ/Открытый урок
17
қаңтар
2025

Ашық сабақ/Открытый урок




2025 жылғы 17 қаңтарда математика және информатика онкүндігі аясында информатика пәнінің мұғалімі Рахметалла Уәзипа Темірқызы 5 «Б» сынып оқушыларына арналған «Робототехниканың тарихы мен болашағы» тақырыбында қызықты ашық сабақ өткізді. Сабақ робототехниканың даму тарихы және оның қазіргі әлемдегі маңызы туралы қызықты әңгімеден басталды. Балалар алғашқы өндірістік роботтар туралы, сондай-ақ бүгінгі таңда роботтардың медицинада, білім беру саласында және күнделікті өмірде қалай көмек көрсететінін білді.

Сабақтың негізгі бөлігі практикалық жұмыс болды. Оқушылар топтарға бөлініп, сабақтың мақсатын өздері анықтап, үдеріс барысында не білгісі келетінін және нені жасап көргісі келетінін белгіледі. Осыдан кейін олар жеткізуші-роботқа арналған бағдарламалар құрастыруға кірісті. Әр команда роботтың белгілі бір әрекеттерді орындауына мүмкіндік беретін алгоритм ойластырды.

Сабақтың кульминациялық сәті – жасалған бағдарламаларды іске қосу болды: оқушылар өздері құрастырған алгоритмнің робот қозғалысына қалай айналғанын бақылап, ерекше қуаныш пен мақтаныш сезімін бастан кешірді. Топтық жұмыс оқушылардың қарым-қатынас жасау, топпен жұмыс істеу және шығармашылық тұрғыдан мәселені шешу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Бұл сабақ оқушыларды робототехникамен таныстырып қана қоймай, заманауи технологияларды меңгеруге деген қызығушылықтарын арттырып, жаңа мүмкіндіктер әлеміне жол ашты.


17 января 2025 года, в рамках декады математики и информатики, учитель информатики Рахметалла Уазипа Темірқызы провела увлекательный открытый урок для учащихся 5Б класса на тему «История и перспективы робототехники». Урок начался с интересной беседы о том, как развивалась робототехника, и о её значении в современном мире. Ребята узнали о первых роботах, которые использовались в промышленности, и о том, как сегодня роботы помогают людям в медицине, образовании и даже повседневной жизни.Основной частью занятия стала практическая работа. Ученики разделились на группы и самостоятельно разработали цели урока, определив, что им важно узнать и попробовать в процессе. После этого ребята приступили к созданию программ для робота-доставщика. Каждая команда разрабатывала алгоритм, который позволял роботу выполнять определённые действия, связанные с доставкой. Кульминацией урока стал запуск программ: ученики наблюдали, как созданный ими алгоритм воплощается в движение робота. Этот момент вызвал восторг и гордость у каждого участника, ведь они смогли на практике увидеть результат своей работы. Групповая работа помогла ребятам развить навыки общения, командной работы и творческого подхода к решению задач. Урок не только познакомил учеников с робототехникой, но и вдохновил их на изучение современных технологий, которые открывают новые горизонты